Соңғы 3 жылда екi мыңға жуық қазақстандық шетелде көз жұмды

11124-900x570Статистикаға сәйкес, соңғы 3 жыл iшiнде екi мыңға жуық қазақстандық шетелде көз жұмған. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz

"Статистика көрсеткендей, соңғы 3 жылда шетелде 2 мыңға жуық қазақстандық көз жұмған. Олардың 95%-ы ТМД елдерiнде қайтыс болған. Қазiр сапар жасауға қауiптi елдер туралы жедел ақпарат тарататын сайт әзiрленуде", - дедi СIМ басшысы. "Сирия, жақында ғана қақтығыстар болған Таиланд пен Мысырға сапар жасау қауiптi екені туралы азаматтарға ақпарат тараттық. Әрине, бiздiң азаматтарымыз еркiн болғандықтан, олар қалаған жерлерiне бара алады. Бiз оларды сақтандыруға және қиын жағдайда қандай шара қолдануы тиiс екенін туралы хабардар етемiз", - деп атап өтті Ерлан Ыдырысов.

bnews.kz