Қарлы боран қыспағы

luxfon.com-10966Қазақстандықтарды қарлы боран қыспаққа ала бастады. Ақмола облысында жүздеген жолаушы жолда қалып қойған. Ұйытқи соққан желден адым жерді көру мұң болды. "Қазгидромет" еліміздің бірқатар аймақтарында ертең жылдамдығы секундына 22 метрге жететін жел соғып, тұман түседі деп болжауда. Мамандар тұрғындарға алыс сапарға шықпауды ескертіп жатыр.Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің ескертуіне құлақ аспай, жолға шыққандар қаңтарылып тұруға мәжбүр. Соңғы бірер тәулікте күре жолда қалып қойған жүздеген жолаушы құтқарылды. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласының орта мектептерінде 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.  Ал бұл кезде Қостанай облысында жолдардың жабылып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Өңірде боран соғуына байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды делінген ТЖМ таратқан хабарламада. Оған сәйкес "Арқалық-Торғай", "Арқалық-Петропавл", Арқалық-Жезқазған" бағытындағы жолдар барлық автокөліктер үшін жабық. Мамандар мұнда алай-дүлей боран соғып жатқандықтан, көлік қозғалысын тоқтатқан. Соңғы түскен келіп ақпараттарға сәйкес, қазір елдің алты аймағында жолдар жабық.

"Астана" арнасы