Ислам Кәрімовтың қыздары бірін бірі сотқа беріп жатыр

9289_008f3adaff871a42_maxӨзбекстан президенті жанұясындағы жанжал жаңа қарқынмен жалғасуда. Бұл жолы Ислам Кәрімовтің кіші қызы Лола өз әпкесін сотқа бермекші деп хабарлайды КТК арнасы. Айтуынша, Гүлнар оған тіл тигізіп, жала жауыпты. Әлеуметтік желілер арқылы Гугуша Лоланың қымбат яхтадан түспей, кокаинға әуестігін жазған екен. "Қалыптасқан жағдай бізге өзге амал қалдырмады. Заңгерлерімізбен ақылдасып жақын арада сотқа шағымдануымызға тура келіп отыр. Себебі Гүлнара Кәрімова әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы атымызға кір келтіріп, жала жабуда", - дейді ол. Әпкесі таратқан осындай алып-қашпа әңгімелерден кейін журналистер Лолаға күнде хабарласып, тыныштық бермейтін болған. Ал Гугуша көп күттірмей сіңлісінің арқасында өзбек балалары жаңажылдық шыршадан қағылғанын айтты. Себебі жуырда ғана балабақшадағы барлық мерекелерге тыйым салынып, тек президенттік шырша ғана тойлануы керек деген өзгерту енгізілген. Ал Лола дәл осы шара көмегімен пайдаға кенеледі екен. Сонымен қатар Гугуша Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі оны елден қуып шықпақ болды деп отыр. Ал өзі әкесімен ешқашан ұрыспапты. Тек анасы үшін онымен сөйлесе алмай жүрген көрінеді.

"КТК" арнасы