ЕЛБАСЫ МЕН МИНИСТРДІҢ ТАПСЫРМАСЫ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛУДА

d0bed29bd183d188d18bd0bbd0b0d180

Қазіргі таңда мектеп оқушыларына діни мәдениет негіздерін таныту арқылы көпконфессионалдық қоғамға тән зайырлы қарым-қатынас этикасын қалыптастыру мақсатында енгізілген оқу пәнінің бүгінгі жайыжапсары туралы тереңірек туралы.

            «Дінтану негіздері» оқу бағдарламасын әзірлеу жөнінде ҚР Білім және ғылымминистрі Ж.Түймебаевтың 2009ж. 28 тамыз күнгі № 404 бұйрығымен құрылған жұмыс тобын сол кезгі вице-министр Шамшадинова К.Н. басқарды. Жұмыс тобының құрамында авторлық топ жетекшісі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ф.ғ.докторы, профессор, ҰҒА академигі Ғ. Есім, ҚР Әділет министрлігі мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының директоры, профессор А.П.Әбуов, дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары, профессор Қ.Қ. Бигалинова, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, профессор Ж.Н.Қалиев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Т.Дүйсебек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушісі, Кафедралды Вознесенский соборының священнигі, т.б., барлығы 17 адам бар.

             Министр айқын мақсат қойды, барынша құзіретті жұмыс тобын құрды. Мақсат – көпконфессионалдық қоғамымыздың жас жеткіншектеріне әлемдік діндер мәдениеті негіздерін таныту арқылы Қазақстан азаматына тән зайырлы қарым-қатынас этикасын қалыптастыру.

            Жұмыс тобында діни білім, діни таным мәселелері төңірегіндегі құзырлы да құзіретті ресми ұйымдардың жауапты қызметкерлері толық қамтылған. Ұйымдастыру басшысы – вице министр. Мазмұн басшысы – ҰҒА академигі, сенатор. Оқу бағдарламасын ресімдеу басшысы – ҰБА вице-президенті. Барлығы да жұмыс нәтижесі үшін лауазымымен де, азаматтық борышымен де жауап беретін кісілер.

            Жоғарыдағы лауазымды топтың шығармашылық жұмысының нәтижесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.Жакуповтың 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 430 бұйрығымен бекітіліп, республика мектептеріне жаппай енгізілген «Дінтану негіздері», «Основы Религиоведения» оқу курсының бағдарламасы болып шықты. Ресми авторлары: Ғ.Есім, филос. ғыл. докт., профессор, ҰҒА академигі, А.П.Әбуов, филос. ғыл. докт., профессор, А. Дүйсебек, ҰБА вице-президенті.

              Бағдарламамен танысу барысында көзіміздің жеткені - авторлардың жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасының құрылымына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптарды білмейтіндігі. ҰБА вице-президенті А.Дүйсебек Білім академиясы басшысының бірі емес пе, әлде ауыл шаруашылығының маманы ма? Философ мамандар мен дінбасылары діни таным мазмұнын жасақтап берсе, ол материалды бағдарламалық құжат формасына келтіру жұмыс тобын құру бұйрығына сәйкес Білім академиясының міндеті ғой. Орта мектеп пәндерінің кез-келгені бойынша дайындалған бағдарлама кітапшасын алып, вице-министрдің ұйымдастыруымен, екі бірдей ұлттық академияның, бірі академигі, екіншісі вице-президенті даярлаған «Дінтану негіздері» пәнінің бағдарламасын салыстырсаңыз кәдімгідей қарныңыз ашады. Бір вице-министр бас болып, ҰҒА-ның академигінің ғылыми жетекшілігімен жасалып, екінші вице-министр бекіткені бағдарлама емес, тақырыптық жоспар ғана. Кез-келген мектептің жоғары санатты мұғалімінің мектеп компоненті есебінен оқылатын факультативті курсқа жасаған оқу бағдарламасы бұл құжаттан әлдеқайда мазмұнды да, әдістеме тұрғысынан сауатты да болып шығады. Себебі, бағдарламаның алғы сөзінде пән мазмұнын меңгеру нәтижесінде қалыптасуы тиіс құзіреттіліктер, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар, пәнаралық байланыс бағыттары көрсетілмеген. Тақырыптардың мазмұндық бағыттары ашылмаған, т.с.с.

            Енді бағдарламаның мазмұнына тоқталсақ. Ең алдымен пән аты сәтсіз таңдалған. Мектеп пәндерінің әрқайсысы белгілі бір ғылым саласынан білім береді. Мысалы, математика, физика, тарих т.с.с. Ал, бірнеше ғылымдар бастауындағы пәндер «Дүниетану», «Жаратылыстану», «Қоғамтану» деп аталады. Бұлар әбден ғылыми-әдістемелік негізделіп қойылған аттар. Орта мектептің ешбір пәні ғылымның негіздерін ғана оқытпайды. Сол ғылымның өзін оқытады. Сондықтан, оқушылардың діни танымын қалыптастыруды мақсат тұтқан пән «Дінтану негіздері» емес, нағыз «Дінтану» болуы керек. Ал арыға барсақ, бұл пән арқылы оқушыны адамзат қоғамының діни танымымен сенімдері негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан түрлі діндер мәдениетімен таныстырып, соның негізінде оқушыны зайырлы қоғамдық қарым-қатынас этикасына баулуды керек. Сондықтан пән атын «Дінтану негіздері» де, «Дінтану» да емес «Діни мәдениет негіздері» деп атау дұрысырақ болар ма еді.

                Бағдарламада «Дінтану негіздері» пәнінің мақсаты «Оқушылардың рухани әлеміне ізгілікті дүниетаным негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік ашу» деп берілген. Бұл сөйлем кез-келген тарих, әдебиет сияқты гуманитарлық пәндердің бағдарламасына сәйкес жалпылама берілген. Қойылған мақсаттың дінтанумен еш байланысы жоқ. Бұл пәннің мақсатында берілетін білім жүйесі, құзырлылықтарға бағдарлар, сезімдік-құндылық қатынас бағыты туралы нақты мәселелерге негіздеп Қазақстанның жас азаматының көп конфессиялық қоғам жағдайында жоғары адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті дүниетанымға ие тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау туралы тұжырымдауға болады. Мақсатты нақтылап алған соң қойылған мақсатқа жеткізетін нақтылы қадамдарды белгілеу арқылы міндеттер анықталады. Ал бағдарламада көрсетілген міндеттер қойылған мақсатқа жеткізер қадамдар жүйесін бермейді. Міндеттерде логика, жүйе жоқ.

           Бағдарламада оны меңгеру нәтижесінде оқушы бойында қандай құзіреттіліктер қалыптасуы қажеттігі туралы негіздеме жоқ. Бүгінгі таңғы кез-келген білім беру бағдарламасы одан күтілетін нәтижеге – құзіреттіліктерге бағытталуы тиіс екендігін ҰБА вице-президенті білуі тиіс қой.

          Бағдарлама мазмұнында білімді ғылыми негіздеу желеуімен оқушының жас және танымдық мүмкіндігін естен шығарып алған. «Діндер теориясы», «Дінтану негіздері курсының пәні», «Дінтану ғылыми пән ретінде» т.б. тақырыптары мектеп оқушысының мүмкіндігінен тыс, күрделі.

        Елбасымыз бен мемлекетіміздің  діндер жөніндегі саясаты жастарды  толеранттық рухта тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Ал бағдарламада Қазақстандағы басты екі конфессияның тек тарихы мен ерекшеліктері ғана баяндалған. Христиан және исламның негізі, мазмұны мен ұстанымдарының бірегейлігіне, ал айырмашылық тек сыртқы ғибадат бойынша, ішкі иман құндылықтарының ортақ екенін дәйектеуге арналған бөлім жоқ. Толеранттылық мәдениетке апаратын  жол аталмаған.

          Бағдарлама тақырыптарының әлемдік барлық діндер мен діни бағыттарға ортақ негіз болатын, олардың өкілдерінің танымдық және әрекеттік бағыттарын жақындатып біріктіре алатындай ішкі желілік байланысы жоқ.

         Бұл тақырыптық жоспар (бағдарлама деуге тіліміз бармайды) Елбасымыз қойған адамдардың дініне, тіліне, діліне байланыссыз көпконфессиялы қоғамда жастарды толеранттық рухта, діни мәдениет негізінде зайырлы қарым-қатынас нормаларына баулуға септігі жоқ құжат екендігіне министр мырзаның көңілін аударғымыз келеді.

        Бұл пәннің бағдарламасы осындай  болса оқулығы қандай болмақ?

 

ОҚУЛЫҚ ПЕН ДІНИ БІЛІМ АРАСЫ

           Дінді тану әрбір мәдениетті адам, өркениетті қоғам үшін шарт. Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі ақпараттық тасқын селінде дәстүрлі және кертартпа діндерді ажырату, тану, мемлекеттілігіміздің баяндылығы болудың орнына, өзара қырғи қабақ. Қоғамдық институттардың ішіндегі үміт артатын, діни топтарды бірорталықтандырып бақылайтын муфтиаттың да деңгейі көтерілмей қойды. Демек, қоғамдық институттардың бүгінгі миссионерлік әрекеттерге қарсы қоятын шамасы жоқ. Бұл діни таным мен діни сананың тұншықтырылып, өзара үндесе алмай отырғанының дәлелі. Бұл мәселенің екінші қыры. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы, дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны» - деп жазады. Шындығында әлемге дін туралы насихат айтамыз да өзіміз діннен хабарсызбыз. Бұл абсурд. Осыдан «авторлардың даңқынан ығып» көргісі келмеген болуы ықтимал. Себебі оқулық бұл жағдайда мақұлданбаса керек...     Оқулықты парақтай бастағаннан-ақ дінді таныту емес, танту  фактілерін көптеп кездестіре бастағаннан, ертеңгі болашақ алдындағы жауапкершілігім мен арымнан аса алмай ойымды ортаға салғанды жөн көрдім. Жалпы дін мәселесі өте жауапкершілігі ауыр, тек мамандардың, онда да оқушының таным деңгейі мен қабілетіне сай діни білімді таңдай алатын сараптамалық, логикалық және танымдық тұтастықты қамтамасыз етуге қабілетті мамандардың ғана жүрегі дауалайтын мәселе. Ал, енді оған оқулық жазу одан да ауыр. Себебі маман діни білімді теориялық, әдістемелік, психологиялық және танымдық деңгей арасында тепе-теңдік құру арқылы таңдай білу керек. Мен қоғамдық тұрақтылық үшін қажет болып отыр. Құдайға шүкір өз тәуелсіздігімізді баянды ету жолында Елбасымыздың көсемдігі мен көреген саясатының басшылығымен жеткен жетістіктеріміз аз емес. Мемлекеттің негізгі дүниетанымдық, мәдени ұстындары елбасының «Мәдени Мұра» бағдарламасы аясында жан-жақты қолға алынып келеді. Астанада дәстүрлі түрде өткізілетін дінбасыларының съездерінің астарында жатқан идея да көп нәрсені аңғартқандай. Бұл үлкен әрі жауапкершілігі ауыр, тіпті әлем саясатына ықпал етіп отырған алпауыт елдердің өздері де дауалай алмайтын мәселе. Бұл – діндарлардың дін негізінде әлемге бейбітшілік, төзімділік, сенім мен өзара құрмет үлгісін паш етуі арқылы жаҺандық жүйедегі қалыптасқан шаблондарды өзгертуге болатындығымен ерекшеленеді. Міне, Елбасы осыған өзі де сенеді, өзгелерді де мойындатып отыр. Бұл мәселенің бір қыры.

           Дегенмен, елімізде кешегі кеңестік жүйенің атеистік идеологиясынан шыққан, діни білім беру базасы күйреген еліміз үшін қайта қалпына келтіру жұмысы өте баяу. Қаншама жиналыстар, сараптамалар жасалғанымен Ата заңдағы дін құбылысына қатысты бабтар сол баяғы кеңестік жүйенің шекпенінен шыға алмай отыр. Сол себепті, дәстүрлі емес, кері тартпа дін өкілдері еліміздің ертеңі болып табылатын жастарымызды соңынан ертіп кетіп жатыр. Мемлекет құқықтық негіз іздеумен уақыт өткізсе, қоғамдық институттар бұл мәселемен қоян қолтық күресе алмай келеді. Қоғамдық институт дейміз, ондағы әртүрлі жамағаттар өз жолын дұрыстап, өзгені жоққа шығарып, келімсек діндерге тосқауыл  болудың орнына, өзара қырғи қабақ. Қоғамдық институттардың ішіндегі үміт артатын, діни топтарды бірорталықтандырып бақылайтын муфтиаттың да деңгейі көтерілмей қойды. Демек, қоғамдық институттардың бүгінгі миссионерлік әрекеттерге қарсы қоятын шамасы жоқ. Бұл діни таным мен діни сананың тұншықтырылып, өзара үндесе алмай отырғанының дәлелі. Бұл мәселенің екінші қыры.

          Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы, дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны» - деп жазады. Шындығында әлемге дін туралы насихат айтамыз да өзіміз діннен хабарсызбыз. Бұл абсурд. Осыдан  бірнеше жыл бұрын министрлікке мектеп бағдарламасына дінтану пәні енгізілсін деп тапсырма берілгендігі белгілі. Оны былтыр тамыз айындағы бұйрықпен ҚРБҒМ елді дүр сілкінтті. Тағы да бірақ, тағы да сұрақ.... Себебі дінтану пәнін оқытатын мамандар легі дайын емес. Екінші, оқулық, оқу құралы жоқ. Қош, әйтеуір мектептер өз күнін өздері көріп жатыр. Не оқытылып жатқанына ешкім бас қатырмайды. Бұл мәселенің үшінші қыры.

         Міне, жақында дінтану оқулығы жарық көрді. Көріп отырғандай бүгін дінтану оқулығына қажеттілік те, сұраныс та бар. Кеш те болса оқулық шықты деп қуандық. Оқулық авторларының да Қазақстан ғылымында өзіндік орны бар ғалымдар болғаны көңілге үміт ұялатқанын жасыра алмаймыз. Бірақ, қуаныш ұзаққа созылмады. Себебі, бұл дінтану оқулығында көптеген сауатсыздықтар мен кемшіліктер орын алған. Оқулық бағдарламасы «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы «14» қыркүйек №430 бұйрығымен бекітіліпті. Яғни, бұл оқулық тікелей, Білім беру министрлігінің ұсынысымен, мақұлдауымен жарық көрген. Басқаша айтқанда министрлік оқулықтың кемшіліктерін көрмеген, көрсе де «авторлардың даңқынан ығып» көргісі келмеген болуы ықтимал. Себебі оқулық бұл жағдайда мақұлданбаса керек...

            Оқулықты парақтай бастағаннан-ақ   дінді таныту емес, танту фактілерін көптеп кездестіре бастағаннан, ертеңгі болашақ алдындағы жауапкершілігім мен арымнан аса алмай ойымды ортаға салғанды жөн көрдім. Жалпы дін мәселесі өте жауапкершілігі ауыр, тек мамандардың, онда да оқушының таным деңгейі мен қабілетіне сай діни білімді таңдай алатын сараптамалық, логикалық және танымдық тұтастықты қамтамасыз етуге қабілетті мамандардың ғана жүрегі дауалайтын мәселе. Ал, енді оған оқулық жазу одан да ауыр. Себебі маман діни білімді теориялық, әдістемелік, психологиялық және танымдық деңгей арасында тепе-теңдік құру арқылы таңдай білу керек.

               Мен осы саланың маманы болғандықтан мәселенің мазмұны төңірегіне, оның теориялық қырына тоқталғанды жөн көрдім. Себебі, формалық қыры да көңілге қонымсыз. Оқулықтағы екі тілде жазылған нұсқаның ішіндегі мәліметтер, тақырыптар, көлемі мен мазмұнының өзара үндеспеуі, тілдік, ұлттық ерекшеліктерге қарай әртүрлі шамадан тыс ақпараттармен оқушыларды көміп тастауы екінші мәндегі кемшілік мен үшін. Сондықтан оқулықтағы сағат көлемі, танымдық білімдердің көлемі, діндердің тарихы мен қоғамымыздағы орнына қарай жүйеленуіндегі жүйесіздіктерді де онша кемшілік санамаймын.

             Біріншіден, оқулықта қоғамның бүгінгі діни білім беру жөніндегі ең басты сұранысы ескерілмеген. Ол дін құбылысының онтологиялық, психологиялық және танымдық мәселесі реалды қажеттілік ретінде қабылданбауы. Дінді бұрынғы тарихшылдық ұстанымы арқылы таныту, тарихи диалектикалық негіздер арқылы ұсыну, бұл бүгінгі қоғамға, оқушыларға жасалған қиянат. Бұл қарапайым тілмен айтқанда дінді құдайсыз түсіндіру формасы деген сөз. Бұрынғы атеистік позитивистік тенденциялар бүгінгі жаңа құндылықтарға негізделген қоғамымыз үшін қабылдана қояр ма екен деген мәселе көтеріп әуре болмағандары мені қатты шошытады. Демек бұл оқулықта қоғам қажеттілігіне мән берілмеген.

           Екіншіден, қоғамның қажеттілігі үшін жазылмаған оқулықтан оқушы түгіл оқытушының өзі, керек десеңіз философиялық білімі барлардың өзі даулы мәселе ретінде қарайтын мағлұматтар орын алған. Мысалы, дін және «діни сана», «діни таным» мен «діни сана» және «діни наным» арасы анықталмаған. «Дәстүрлі” және «дәстүрлі емес» діндер сонымен қатар «әлемдік діндер» тіркестері оқушының танымында ұғымдардың ұғынылмауына әкеліп соғады. Бұл оларды әрине шаршатады. Ғылым мен дін, дін мен философия арасындағы ұғымдық компоненттер оқушы түгіл кәсіби мамандарға да ауыр тиеді.

            «Дін туралы түсінік» тақырыбымен дін «сана формасы», «дін мен ғылым кереғар» дін – жаратушыны мойындайды, ғылым – атеист, материалистер жаратушыны мойындамайды

 (9 бет). Сонда ғылым деп атеизм мен материализмді түсіндіреді. «Дін мен ғылым жаратылыс мәселесінде кереғар пікірде». (10 бет). Әрі қарай өздеріне өздері қайшы келеді. «Ғылым қуаты жаратылыстың барлығын дәлелдеу. Ал, сол жаратылысты Жаратқан Жаратушы туралы сана – ол дін. (11 бет). Осы тұрғыда ғылым мен дін Жаратылыс мәселесінде түйіседі». Авторлар ғылым мен дін арасындағы бірліктің әлем тарихындағы өркениеттердің қалыптастуындағы басты шарт болғандығын ескермеген. Ғылыми таным мен діни таным арасын ашып көрсетеміз деген ниеттері болған, бірақ оны да жүзеге асыра алмағандықтары көрініп тұр. Тарихта дін мен ғылым арасындағы тұтастық пен бірінсіз бірі болмайтын байланыстардың заңдылықтарын негіздеп кеткен Фарабилер, Хорезмилерді айтпағанда берідегі Энштейннің «ғылымсыз дін соқыр, дінсіз ғылым ақсақ» деген сөзіне де құлақ аспағандары ма, деген ой келеді екен. Бұл жерде айтарымыз, ғылыми пікірталасқа негізделген, әлі білім ретінде толық қабылданбаған сыныптамаларды оқу құралына енгізіп, оқушының психикасына кері әсер беретін, жалған ақпаратпен толықтырудың обалы ауыр екенін сезінген дұрыс болар еді.

             Үшіншіден, оқулықта, ең сорақысы гносеологиялық мәселелердің белең алуы дер едім. Танымның діни, философиялық, ғылыми, оккульттік және т.б. қырларын ескерместен, анықтамалар жасалған. Мысалы, «дін дегеніміз олар үшін құдай мен адам арасындағы байланыстан туған сана» ғана, ал діннің өзі феномен ретінде қабылданбайды. «Діни сана құрылымы», бұл жерде дін феномені нақты көрсетілуі тиіс. Содан кейін діни сана шығады. Екінші діни сана емес, діннің құрылымы деп анықтау қажет. Бұл да тарихи материалистік диалектикалық тұжырымның қорытынды нәтижесі. Бұлай дінді танытудың уақыты өткен. Негізінен  дін  реалды ресурсқа ие. Сондықтан дінді феномен ретінде қабылдауға тиіспіз.

           «Діннің құрылымы және функция». Бұл өте үлкен сауатсыздыққа негізделген тарау. Діннің құрылымы (сана) – сенім, ілім, идеология ретінде ғылыми түрде нақты анықтама берілмеген. Дін және діни сана ұғымы арасында түсінбестік бар. Діни сана «концептуальды» және «күнделікті» екі сатыға бөледі де, концептуалды мәселелерді теология мен діни философия қарастырады, ал, күнделікті сатыны дінтану қарастырған ба? Бұл оқушы түгілі ғалымдар үшін үлкен дау туғызады. Осы жердегі діни сана сатылары сакрализациядан басталып, секуляризациядан аяқталатын таптаурын болған диалектикалық маркстік тұжырымдар ғалымдардың танымының тереңдігін емес, тантуларының өзгермейтіндігіне дәлел. Сонымен бірге «діни сана»,  «діни наным», діни таным арасы ашылмаған. Оқушыға өте ауыр. «Дін туралы түсінік» дінтанушының, яғни, позитивистік тенденцияға толы. Әлем мен дін, дін мен философия арасында ұғымдардың ұғынықсыздығы белең алып, оқушылар түгілі, кәсіби философиялық білімі барлардың өзі қиындық туғызады. Осы тараудағы «діни сана» сатылары тарихи материалистік, диалектикалық тұрғыдан талданған ескі атеистік ғылыми тұжырымдамаларының соқпағына ілесіп кеткен.

             Төртіншіден, қарапайым білім ретінде қабылданған танымдардың өзінде адасушылықтар кездеседі. Мысалы рухтың мәңгілігі түсінігін Будда мен Ислам арасындағы аралық түсінік ретінде көрсеткен. Ислам тарихы мен діни негіздері жөнінде де кемшіліктер кездеседі. Мысалы Иман шарттарында «өлгеннен кейін қайта тірілу» түсіп қалған (140 бетте), Қазақстандағы ислам дінінің құндылықтық негізде таралуы мен қалыптасуы ашылмаған. Батысқа ықпал еткен ислам ойшылдары мен философтары дәрежесі мен тарихи хронологиялық жүйесі жасалмаған. 751 жылы Талас соғысында араб әскерлері мен қарлұқтар бірлесе қытайлармен болған соғыста жеңіске жетуі тарихи құбылыс болды. Осы тарихи фактінің өзін дұрыс жеткізе алмаған.

           «....діннің қалыптасуы адамзаттың тұңғыш тарихи дүниетанымы-мифологиямен табиғи байланысты» деп ескі сарынмен ағытып келеді де мифтердің мазмұнына тоқталады (30-32 бет). Діни таным, мифтік таным арасын ажырата алмаған. дінге тән сипаттар мен түсініктерді миф ретінде көрсетеді. Мифология туралы тұтастай, маркстік тұжырым. Бұл жерде ұғымдардың танылмай қалуы, түсініктердің түсініксіз күңгірт тартуы оқушының білімін көтеруге емес, керісінше, дінтануға деген қызығушылығын төмендетуге әсер етеді деп ойлаймын. Себебі – ой-мақсатсыз, тұжырым негізсіз, методология – атеистік желілермен беріліп кете барған. Қазақтардың   дүниетанымындағы төрт түлік аталары түсінігін тотемге апарып телиді. (26 бет) қазақтағы төрт түлік иелері – Қамбар ата, Ойсыл Қара, Зеңгі баба, Шопан ата, Шекшек ата – туралы түсініктерді тотемизммен байланыстырады. Осы «ие» түсінігін (84 бет) синтоизммен байланыстырғылары келеді. Онысы да сәтсіз шыққан. Үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұлар тікелей қазақ мұсылмандық түсінігіндегі сопылық кәсіптік бірлестіктерді көрсететін санадағы деректер. Бұл да қазақ мәдениетіндегі исламның орнын білместіктен туындаған кемшіліктер. «қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі» деген тәп-тәуір тақырып мәні ашылмай қалыпты. Негізінен мәтінде орын алған мәліметтер қазақ мемлекеттілігі емес, қазақ мәдениетіне сай келеді.

              Сопылық туралы өте жұтаң баяндалған. Оның мәні, бүгінгі  таңдағы маңызы мен тарих ішіндегі орны, ең бастысы қазақ мұсылмандық түсінігіндегі рөлі ашылмаған. Иассауи феномені жоқтың қасы. Бұл тарихқа деген бұрмалаушылық, қиянат. Бұл қасақана тарихты ревизиялау емес пе екен деген ойға қаласыз. Сопылықтан қорқуға болады, бірақ, сопылықты жоққа шығаруға болмайды.

            «Зороастризмнің мазмұны Монотеистік сенімге жақын» (40 бет), «Адам жанының мәңгілігі түсінігін будда мен ислам ілімдерінің ортасындағы «аралық» түсінік. Ақырзаманға дейін жан бөлек әлемде, кейін тәнге қайта оралады дейді. «Адам жаны әруақ бейнесінде заманақырда адам бейнесінде қайта оралады» дейді. (82-83 беттер). Бұл енді масқара! Сондықтан бұл оқулық авторлардың көрсеткеніндей оқушыдағы (3 бет) «жеке сенімнің жүйесін қалыптастыра» алмайды. «Пәннің үштен бірі ғана 0ислам дініне арналған (4 бет)» ал, біздің қоғам халқының 70 пайыздан астамы мұсылмандар. Демек, оқулықтағы сағат саны да осы көлемге қарай анықталғаны дұрыс болар еді. «Неміс фашизмі өзінің алдына еврей халқының тұқымын құрту міндетін қойғаны мәлім (92 бет)» - Бұл мәлімет қазіргі таңда басқаша тұжырымдалып отыр. Сондықтан оқулыққа саяси идеологиялық көзқарастарды қоюға тіпті де болмайды.

                 Менің ойымша бұл оқулықта жауапсыз сұрақтар өте көп. Ал оқулық негізінен оқушының білімін көтеретін, тілегі мен сұрағын қанағаттандыратын құрал болуы тиіс. Қорыта айтқанда оқулық баспадан жарық көрді, бұл «дүмше молда дін бұзардың» кейпі болады.  Сондықтан бұл оқулықты оқу процесіне қолдануға болмайды.

 

С.Т.ӘМІРҒАЗИН,

философия ғылымдарының

 кандидаты,   дінтанушы.

Зікірия ЖАНДАРБЕК,

тарих ғылымдарының

кандидаты, дінтанушы