Құны 2 млн. теңгені құрайтын шкаф ректорға не үшін қажет болған?

shkaf1112Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің ректоры Қазыбай Бозымов мемлекеттік сатып алу сайтында 4 млн 250 мың теңгеге шкафқа тапсырыс берген.

Бұл туралы "Орал апталығы" газеті хабарлады. Бұл хабарландыру 2013 жылдың 30 қазанында орналастырылған. Алайда, қазір шкаф сатып алынып, тендер жабылды. Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде заң бұзған 662 лауазымды тұлғаға айыппұл салынып, 13 адам креслосынан айырылды. Бұған қоса, 1 351 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2013 жылдың 9 айында жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, 279 мемлекеттік сатып алу ісі қайта қаралып, жойылды. Сотқа мемлекеттік сатып алу ісі бойынша 343 шағым түсті. Бақылау шаралары барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына 88 материал жіберілді. 662 лауазымды тұлғаға 60,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның 42,4 млн. теңгесі бюджетке төленді.

nur.kz