Астанадағы шырша құлап, Алматыдағысы өртке оранды...

8u0gn0eujwiАлматыда «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының алдындағы алаңда жаңажылдық шырша өртенді, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары агенттігі Алматы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, өртке қарсы қауіпсіздік қызметіне тұтанғандығы туралы хабарлама  15:15-те келіп түсті, алайда сөндіру туралы ақпараттан хабарсыз екендігін айтты. Бұл ретте өртке қарсы қызметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртеніп кеткен шырша жасанды, оны сөндіру аяқталды. Департаменттің деректеріне қарағанда, 15.31-де өрт толығымен сөндірілген.  Өрт аумағы 10 шаршыметрді құраған. Осының салдарынан қайтыс болғандар мен жапа шеккендер жоқ.Өкінішке қарай  өрт кезінде шыршаның қасында тұрған 4 автокөлік зақымданған.