Алматы тұрғындарының саны 1,5 миллионнан асты

malyshnya_v_roddomeҚазақстан Республикасының Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласының халық саны 1 млн 501 мыңға жетті.

2013 жылдың 27 қарашасындағы есеп бойынша, қалада 1 499 916 адам болса, 28 қарашада АХАТ органдары жаңа туылған 82 нәрестені тіркеген. Көші-қон полициясы 325 келушіні тіркеп, 53 адамды тіркеуден шығарған. Сөйтіп, қала халқының саны 1 500 224 адамға жеткен. Яғни, 1,5 миллионыншы тұрғын 2013 жылдың 28 қарашасында тіркелген. 1,5 миллионыншы нәрестенің салмағы 3 884 грамм, бойы 53 см. Ата-анасы сәбидің есімін – Шыдас, тегін – Алдан деп қойды. Шыдас Ерболұлы Алдан 2013 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласы Алмалы ауданының АХАТ бөлімінде тіркеуге алынды. Шарананың ата-анасы: Айтжанова Жанна Мұратқызы, 1978 жылы туылған, білімі – жоғары, қаржыгер; әкесі – Сапарғалиев Ербол Алданұлы, 1971 ж.т., білімі – жоғары, философия ғылымдарының докторы (PhD), зерттеуші, кәсіпкер, Алматы қаласында туып-өсіп, қазіргі кезге дейін осында тұрады.

Қазақпарат