Ауыл аумағынан мұнай табылыпты

c2521bfee169c226099b9168e0b93ff0_LТұрмыс жағдайымыз түзелер , көңіл күйіміз оңалар деп жүргенде «ауыл аумағы астынан мұнай көзі табылыпты. Енді ауыл қонысынан көшіріледі екен» деген алыпқашты әңгіме аяқ астынан гуілдеп шыға келді. Ата қонысынан ауып көшуден артық жан қинайтын жай жоқ екені түсінікті. - «... Жер асты байлығы жөнінен еліміз әлемде алтыншы орында дегенді естуіміз бар еді, - деп ауыл тұрғыны Шыңбай шал әңгімесін бастады.

Ауыл аумағынан мұнай табылыпты.  Тұрмыс жағдайымыз түзелер , көңіл күйіміз оңалар деп жүргенде « ауыл аумағы астынан мұнай көзі табылыпты. Енді ауыл қонысынан көшіріледі екен» деген алыпқашты әңгіме аяқ астынан гуілдеп шыға келді. Ата қонысынан ауып көшуден артық жан қинайтын жай жоқ екені түсінікті. - «... Жер асты байлығы жөнінен еліміз әлемде алтыншы орында дегенді естуіміз бар еді, - деп ауыл тұрғыны Шыңбай шал әңгімесін бастады. - Ол байлықтың шапағатын ауыл тұрғындарының бәрі бірдей көріп жатырғаны шамалы. Сонда да елде болса ерінге тиер деп шүкіршілік етіп жүрміз. Құдай берген осы байлықтың қызығын неге бізге қимаған деп жүргенде, енді келіп қонысынан көшіреді екен деген әңгіме ауыл тұрғындарын қатты алаңдатып отыр. Қаңқу сөз болар деп жүргенде бұл әңгіменің шығу тегі рас болып шықты. Өткен жылы қасына тілмәшін ерткен бір шетелдік бастық ауылға келіп жиын өткізді. Айтуынша ауыл аумағынан мұнай көзі табылыпты. Таяуда соны қазу жұмыстары басталады екен. Ал ауылды көшіру жайы әлі шешілмеген көрінеді. Бізді таңдандырғаны бұндай мәселені жергілікті басшылар емес, шетелдіктің айтуы болды. Дүрліккен ауыл тұрғындарының тіршілігіне, тағдырына, ауыл ертеңіне ең болмаса жанашырлық таныту еркіндігі болмағандығы күмәнді ойға қалдырды . Бұл секілді мәселелерді аудан , облыс көлемінде шешілмейтіні түсінікті. Десе де, ауыл тұрғындарының осы жайлы сауалына жауап беруге тиіс емес пе еді деген сұрақ сұранып тұр» . ...Баяғыда Қожанасыр өзінен төрелік сұрай келген екі кісіні тыңдап болып « екеуіңдікі де дұрыс» деп шығарып салған екен. « О заман да, бұ заман, төрелік сұрағандардың екі жағы да дұрыс болатын ба еді?» деп сұраған әйеліне «сенікі дк дұрыс» депті дейтін мысал бар еді. Жергілікті билік тұрғындар сұрағына осылайша жауап бергісі келетін секілді. Қысқа көсеу қол күйдіретінін білетін олар тұрғындарға беретін жауабы болмаса керек. Сондықтан болар, осыдай үнсіздіктен артыққа баруға батылы жетпейді. Ал ауыл тұрғындары үшін бұл қабар « жоғалтсам сырғамды жоғалттым, құлағымның тесігі орнында» деген кәрі қыздың өзін - өзі жұбатқанындай мәселе емес. Керегін сорып алып, содан соң ізім - қайым жоғалатын шетелдік инвесторлардың қолына бар билікті беріп отырған жайлар тұрғындар үшін обал болатын болды. Шетелдіктердің күлімсірегеніне түстік жегендей мәз болып жүрген билікшілерге сену де қиындап барады. Осындайда Қадір Мырза Әлінің «әлхиссасындағы» сақалар жиыны туралы мысалы еріксіз ойға келеді. «...Ақжем болып мүжілген қошқардың асығы жиында : - біздің заманымызда асықтың сақасы қошқардың асығы болатын еді. Бүгінде қуыс - тесігінің бәрін бірдей қоғасынға толтырып алғаны болмаса , салмақ дейтін салмағы жоқ ешкінің асықтары сақа болатын болды» деген екен. Сол айтқандай, алып кел, шауып келден артыққа бара алмайтындар ел тағдырына жауап бермейді. Беретін - президент пен үкімет. Халық одан берідегілерден қайыр күтуден қалған . Көзіміз көріп отыр, келімсектерді еркіне жібере берсе, күні ертең қазақ жерін отаным демей , отарым деуі де мүмкін. Қазақ жұрты ежелден бейбіт тұрмысты, тыныштықты қалаған . Ата-бабаларымыз жағаға қол салмаса , жайлауына жол салмаса, ешкімді жау санамаған. Момындық танытса да сыртқы жұртқа арын таптатпай, намысын ту қылған . Егемендік алдық деп еңсемізді көтергендей болып едік. Сол егемендік жемісін ауылдықтар да көргісі келеді. Мынау менің елім , мынау менің жерім дегісі келеді. Өз елі мен жерінде өгейлік көрмей, қалауымен тыныстап, тұрмыс жасағысы келеді. Небір құпиясын ішіне бүккен мына кезең жұртшылықты өз ығына иіріп, белгісіз жаққа дедектетіп апара жатқан секілді. Әрине, әзірге аштық, жалаңаштық көріп жатқанымыз жоқ. Үкіметің қысымдап берген азын-аулық тиын-тебен көмегіне қарап қалмай, « бауын жамаса ауы жыртылып, ауын жамаса бауы қайта үзіліп» дегендей, өз күнін өзі көріп жатыр. Ауыл тұрғындары сол тірлігіне еркіндік пен мүмкіндік болуын қалайды. Әр кезеңнің де өз салмағы , өз қиындығы бар шығар. Жер асты байлығын иеленбек болып жүргендердің ауыл тұрғындарын ата қонысынан айыру пиғылы бар екені көрініп жүргені жалғыз осы емес. Мұнай үшін қонысынан көшірілген Сарқамыс, Қаратон тұрғындары сияқты күй кешкісі келмейді.

Сәкен Бозаев Атырау облысы , Құлсары қаласы.