Алматының "Медеу" және "Цирк" кешендерін жобалаған сәулетші дүниеден озды

image16513Алматыда «Медеу» спорт кешенін жобалаған әйгілі қазақстандық сәулетші Владимир Кацев дүние салды.
«Владимир Кацев 84 жасында қайтыс болды. Ол ҚР Сәулетшілер одағының алматылық филиалының төрағасы болды. Оған жақында ота жасалған. Асқынған болуы мүмкін, науқастанып жүрген», - деп  бүгін Сәулетшілер одағы мәлімдеді. В.Кацев бірнеше жыл бұрын инсульт алған. Сәулетшіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Президент ісі басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының залында өтпек. В.Кацев – Қазақстанға еңбегі сіңген  сәулетші, КСРО сыйлығының лауреаты, Шығыс елдері халықаралық академиясының мүшесі, Қазақ бас архитектуралық-құрылыс академиясының лауреаты болды.

"Интерфакс" агенттігі