Алматының "Медеу" және "Цирк" кешендерін жобалаған сәулетші дүниеден озды
2013 ж. 10 желтоқсан
1808
1

«Владимир Кацев 84 жасында қайтыс болды. Ол ҚР Сәулетшілер одағының алматылық филиалының төрағасы болды. Оған жақында ота жасалған. Асқынған болуы мүмкін, науқастанып жүрген», - деп бүгін Сәулетшілер одағы мәлімдеді.
В.Кацев бірнеше жыл бұрын инсульт алған. Сәулетшіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Президент ісі басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының залында өтпек.
В.Кацев – Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, КСРО сыйлығының лауреаты, Шығыс елдері халықаралық академиясының мүшесі, Қазақ бас архитектуралық-құрылыс академиясының лауреаты болды.
"Интерфакс" агенттігі