Нельсон Манделаның қазасына Қазақ басшысы ортақтасты

1329857Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нельсон Манделаның қаза болуына орай оңтүстікафрикалық әріптесі Джейкоб Зумаға көңіл айтып жеделхат жолдады.
Н.Назарбаев Оңтүстік-Африка Республикасы халқының ұлы тұлғасы Нельсон Манделаның қаза болғандығы туралы хабарды қайғылы түрде қабылдағандығын атап өтті. "Әлемге танымал президент Нельсон Мандела қайсар күрескер болған, ол бар өмірін кемсітушілік пен апартеидке қарсы күреске арнады, жаңа демократиялық әрі зайырлы мемлекеттің құрылысшысы болды", делінген жеделхатта, оның мәтінін елбасының баспасөз қызметі таратуда. Хат соңында Қазақстан президенті өзінің және Қазақстан халқының атынан бүкіл ОАО халқына көңіл айтты. ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Манделаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өзінің туған ауылы Кунада өтеді, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.   Guardian мәліметінше, ОАР билігі жерлеу рәсімін алдын ала бас-аяғына дейін жоспарлап қойған. «Мәйіт бір күн ішінде қатаң бақылаумен мәйітханаға жеткізілуі тиіс. Екінші күні көңіл айту кітабы барлық шетелдік миссиялар үшін ашық болады. Үшінші күні Преорияда шетелдік дипломаттар үшін брифинг болады. Төртінші күні шенеуніктер Манделаның отбасына көңіл айтады. Алтыншы күні жоғары шенді мемлекеттік қайраткерлердің қатысуымен қоштасу рәсімі өтеді. Тағы үш күн бойы Преорияда Манделамен қоштасады. Оныншы күні жерлеу рәсіміне әскери дайындық жоспарланған. Он бірінші күні мәйітті мәйітханадан Кеңес үйіне апарып, ресми қоштасу рәсімі өткізіледі. Бұл шарадан кейін мәйіт Манделаның туған ауылы Кунаға жеткізіліп, он екінші күні оның денесі жер қойнына тапсырылады», - делінген ресми жоспарда. ОАР-дың бұрынғы басшысының қазасы бейсенбіден жұмаға қараған түні белгілі болды.

"Интерфакс"