"Сәке", "Мәкенің" жыры әлі бітпеді

nygmatulinҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Нығматулинге Мәжілістің кезекті жалпы отырысы барысында депутаттармен қарым-қатынасқа байланысты министрлердің біріне қарата айтылған ескертуге қатысты сұрақ қойылды. Студенттің өткір сұрағына спикер толық әрі нақты жауап берді. "Әрине, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз бойынша үлкен адамдарға, туған-туысқандарға, жақын жолдастарға (Әбеке не болмаса Сәке) деп сыйласып сөйлеген, ол - өте орынды. Мен өзім де солай жиі сөйлеймін", - деп атап өтті Нығматулин. "Бірақ, Парламент сияқты ресми органдарда ресми сөйлеу мәдениетін сақтау керек деп ойлаймын. Ол үшін аты-жөнін айта ма, әлде фамилиясын айта ма, не болмаса депутат дей ме, еркі өздерінде. Меніңше, солай болуы керек", - деп аяқтады Мәжіліс төрағасы.

baq.kz