«Сәке», «Мәкенің» жыры әлі бітпеді

0
911

ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында Нығматулинге Мәжілістің кезекті жалпы отырысы барысында депутаттармен қарым-қатынасқа байланысты министрлердің біріне қарата айтылған ескертуге қатысты сұрақ қойылды.

Студенттің өткір сұрағына спикер толық әрі нақты жауап берді.

«Әрине, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз бойынша үлкен адамдарға, туған-туысқандарға, жақын жолдастарға (Әбеке не болмаса Сәке) деп сыйласып сөйлеген, ол – өте орынды. Мен өзім де солай жиі сөйлеймін», – деп атап өтті Нығматулин.

«Бірақ, Парламент сияқты ресми органдарда ресми сөйлеу мәдениетін сақтау керек деп ойлаймын. Ол үшін аты-жөнін айта ма, әлде фамилиясын айта ма, не болмаса депутат дей ме, еркі өздерінде. Меніңше, солай болуы керек», – деп аяқтады Мәжіліс төрағасы.

baq.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз