Желмен ғайып болғандар…

3
1549

Кеше инстаграм және твиттер әлеуметтік желілерін пайдаланатын қолданушылардың жеке парақшалары құлаған шыршалар мен үйлердің, зақымданған көліктердің суреттеріне толды. Бұған себеп – Қазақстанның көп аймағында орын алған қатты жел.

Қатты желдің кесірінен елімізде жалпы саны 150-ден астам ғимарат, үйдің шатыры жұлынды.

Астанада сағат 8.34-те қатты жел (жылдамдығы 19 м/с) Гете көшесіндегі (Сарыарқа ауданы) 3360 ә/б ғимаратының 240 ш/м шатыры жұлынған.

Сағат 10.30-да Республика даңғылы (Алматы ауданы) Жастар сарайы алдындағы алаңдағы және Тәуелсіздік даңғылындағы (Есіл ауданы) Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы шыршалар құлаған. Бұдан ешкім зардап шекпеген.

Қарағанды облысында 5 желтоқсанда қатты желдің кесірінен (жылдамдығы 16-20 м/с) 15 ғимарттың шатыры жұлынған.

Қарағанды қаласында: әскери техникалық мектеп– аумағы 30 ш/м, ІІБ госпиталі – аумағы 400 ш/м, № 25 орта мектеп – аумағы 504 ш/м, № 7мектеп интернат – аумағы 70ш/м, № 52 орта мектеп – аумағы 100 ш/м, № 59 орат мектеп – аумағы 110 ш/м, «Қарэнерго» институты – аумағы 200 ш/м шатырға зиян келген.

Шахтинск қаласында: мешіт – 70 ш/м, халыққа қызмет көрсету орталығы –70 ш/м, «Шахтинс Тау-индустриальдық коллежі» ММ – аумағы 40 ш/м. Абай ауданы Агроқалашығы: «Абай аудандық мәдени – сауық орталығы» ММКМ ғимараты – аумағы 350 ш/м шатыры бүлінген.

Сортировка кенті: № 11 орта мектеп – аумағы 150 ш/м, № 5 орта мектеп – аумағы 150 ш/м, № 56 орта мектеп – аумағы 60 ш/м шатыры жұлынған.

Осакаровка ауданының Ертіс ауылы: әкімдік ғимараты – аумағы 350 ш/м шатыры зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысында қатты жел 9 ғимарттың шатырын жұлып кеткен.

Алакөл ауданы Үшарал қаласы. 5 желтоқсанда қатты желдің салдарынан (жылдамдығы 18-22 м/с) орталық аурухананың 600 ш/м, «Нөкербек» қонақ үйінің 50 ш/м, 9807 ә/б штабының 880 ш/м, 2484 ә/б казармасының 800 ш/м, офицерлер үйінің 1184 ш/м, мектеп гимназияның 5 ш/м, орман шаруашылығы әкімшілік ғимаратының 1025 ш/м, Ынталы орта мектебінің 100 ш/м, иттер питомнигінің 150 ш/м шатыры жұлынған. Ешкімге зиян келмеген.

Павлодар облысында 18 нысан шатырсыз қалды.

Кеше сағат 13.20-де (желдің жылдамдығы 16-20 м/с) Павлодар қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 600- 800 ш/м бүлініп, Ертіс өзенінің жағасындағы «Байтерекке» жарық беретін сәндік шам құлады (биіктігі 3-4 м). Қашыр ауданыны Тереңкөл ауылында прокуратура ғимаратының 224 ш/м шатыры зақымданған.

Екібастұз қаласында №4 мектептің 150-200 ш/м, №7 мектептің 500-600 шшш/м, №25 балабақшаның 300 ш/м шатыры жұлында. Баянауыл ауданында ауыл әкімдігінің 100-120 ш/м, № 3 мектептің 200 ш/м, Бірлік ауылында «Мәдениет үйінің» 20 ш/м, Қоңдыкөл ауылдық мектебінің 30 ш/м, Шөптікөл ауылындағы бір үйдің 60 ш/м шатыры жұлынған.

Майқайың ауылында №1 мектеп спортзалының 290 ш/м, 5 қабатты үйдің 30 ш/м, Лекер ауылында мектептің 271 ш/м, Ақсан ауылында Мәдениет үйінің 190 ш/м, Теңдік ауылында Мәдениет үйінің 120 ш/м шатыры жұлынды.

Май ауданы Көктөбе ауылындағы балабақшаның 346 ш/м, Ақсу қаласындағы «Ақсу арнайы құрылысы сервис» ЖШС-ның 40 ш/м шатыры бүлінген.

Ақсу ауданындағы «Үштерек» ЖШС қоймасының 150 ш/м шатыры жұлынған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Шығыс Қазақстан облысында 110 үй мен ғимаратқа зақым келген.

Зайсан қаласында 5 желтоқсанда сағат 15.24-те қатты желдің салдарынан (жылдамдығы 28-33 м/с) салық инспекциясының 400 ш/м, технологиялық коллеждің 90 ш/м, аудандық мұрағаттың 635 ш/м, орталық аурухананың 108 ш/м, 4 мектеп пен 102 тұрғын үйдің шатыры зақымданған.

nur.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. Ләйім жыл сайын соай болып тұрсын! Мүмкін солай миларына кіреді оларды қатты қойғысы келсе 1-2 күн қалғанда қою керек екенін! Тәуелсіздікті 1-2ай бұрын қамданып, биік деңгейде атап өту керек екенін!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз