Қымбатшылық ауыз су бағасын да арттырды

ba909d4948Монополистердің тағы да тәбеті артты. Еліміздің 5 бірдей облысында ауыз су бағасы 40 пайызға көтеріліп шыға келді. Әсіресе, қымбатшылық Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жұртын қыспаққа алды. Бұл өңірлерде судың 1 текше метрі 4-тен 40 теңгеге бірақ шарықтаған. Бағаның бұлайша аспандауы әсіресе есептегіш құралын қоймаған тұтынушылардың қалтасын қағады. Себебі осындай әдіс арқылы шенеуніктер халықты суды үнеммен пайдалануға үйретпекші. Ал бағаны өсіруден түскен ақшаға ескірген құбырлар жаппай жөнделмек.

"КТК" арнасы