Мұрат Әбенов өз еркімен қызметінен кетті

1
1616

ceb575f70c7deb5e4522b92d0d6bf111ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Үкімет отырысында бірнеше вице-министрлерге қатаң сөгіс жариялап, жаза қолданатынын да айтқан болатын. ҚР Білім және Ғылым Министрі Аслан Сәрінжіпов Білім саласындағы вице-министрлер жұмыстан босатылу туралы арыздарын беріп қойғанын да айтқан-ды.

20 қарашадан бастап бұрынғы Білім және Ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов кезекті еңбек демалысынан қызметке оралды. Алайда, оның өз қызметінен кеткелі жатқаны туралы ақпараттар БАҚ беттерінде ол еңбек демалысында жүргенде-ақ мәлім болған. Мұрат Әбеновтің айтуынша, ол өз еркімен арызын қазан айында беріп қойған: «вице-министр саяси мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оның өз еркімен қызметінен босауы бірнеше құжаттың әзірленуі мен тексерулерді талап етеді. Ол аз уақытта шешілмейтіні анық. Сондықтан мен арызымды бір ай бұрын бергенмін. 20 қараша еңбек демалысынан қызметіме оралдым. Ал, 22 қараша күні қызметтен өз еркіммен кетуім туралы бұйрыққа қол қойылды»-дейді.

Сонымен қатар, Мұрат Әбенов өзінің бұл лауазымды қызметтен кетуін басқа қызметке ауысуымен байланыстырады. Бірақ, ресми шешім қабылданбайынша, қандай қызмет екенін айтудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Әбенов 20 жылдық еңбек өтілінде информатика пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысында бірнеше бөлім басқармаларында, Қызылорда  облысы әкімінің орынбасары, ҚР Мәжіліс депутаты лауазымды қызметтерін атқарған.

«Қазақ үні»

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз