Тәуелсiздiк мерекесiн тасада қалдырудың сорақы үлгiсi

photo_40768Алматылық дизайнерлер мен суретшiлер, мәдениет пен өнердiң өкiлдерi қазылық ететiн түсiнiксiз жарыс жарияланды. Қараша айы бiтпей жатып жаңажылдық безендiру­ден жарыс ұйымдастыруға жанталасқандардың дiттегенi де түсiнiксiз. Жарыста үздiк деп танылғандарға арнайы жүлде де бар екен. Әр мекеменiң қабырғасы мен есiгiне шыршалардың суретiн салып, аязатаға ақшақарды жетектетiп жарыс ұйымдастыру не үшiн керек болды? 16-17 желтоқсан – Тәуелсiздiк күнi. Осы мерекенi тасада қалдырудың сорақы әрекет­терiн алматылық жандайшаптар бастап та кеттi. Ең ұлы жетістігіміз Тәуелсіздік мерекесі туралы бір сөз жазылмаса да, Алматы қаласының көшелері шам оранған шыршаларға, дүкендерінің төбесінен жылтырақ қарлардың суреттеріне толып қалды...

"Жас Алаш" газеті