Тәуелсiздiк мерекесiн тасада қалдырудың сорақы үлгiсi

4
1314

Алматылық дизайнерлер мен суретшiлер, мәдениет пен өнердiң өкiлдерi қазылық ететiн түсiнiксiз жарыс жарияланды. Қараша айы бiтпей жатып жаңажылдық безендiру­ден жарыс ұйымдастыруға жанталасқандардың дiттегенi де түсiнiксiз. Жарыста үздiк деп танылғандарға арнайы жүлде де бар екен. Әр мекеменiң қабырғасы мен есiгiне шыршалардың суретiн салып, аязатаға ақшақарды жетектетiп жарыс ұйымдастыру не үшiн керек болды? 16-17 желтоқсан – Тәуелсiздiк күнi. Осы мерекенi тасада қалдырудың сорақы әрекет­терiн алматылық жандайшаптар бастап та кеттi.

Ең ұлы жетістігіміз Тәуелсіздік мерекесі туралы бір сөз жазылмаса да, Алматы қаласының көшелері шам оранған шыршаларға, дүкендерінің төбесінен жылтырақ қарлардың суреттеріне толып қалды…

«Жас Алаш» газеті

4 ПІКІРЛЕР

  1. Тәуелсіздікті соншама жылдар бойы аңсап жетіп едік, енді сол күнді айтарлықтай атап өте алмай жүрміз… Өте өкінішті, бірінші күн еске алу күні, 2-3 күндерді мемлекеттік деңгейде атап өткен дұрыс болар еді, ертең жалт-жұлт еткен шыршалардың жанына барып Тәуелсіздігімізді айтып суретке түскенімізге мәз боламыз…(((

  2. Тауелсиздик казактарга кане керек тауелсиздик алганда казактан баска ешким кунган жок расында солайгой баскаларга кажети не. Ал енди жана жыл ол биздин елдин акимшиликтеринин ултым дегенде е тайри саясат, не а койш кимге керек немесе лауазымын парыз емес жумыс кылып алган агалардын рухани азуын билдрет.Тауелсиздик баянды болу ушин КАЗАКТАРГА УЛТЫК РУХАНИ АБАЙШЫЛ ШАКАРИМШИЛ СИЛКИНИС КЕРЕК

  3. Иа менде бұл жағдайға алаңдаймын бұл тек Алматыды ғана емес ел ордамыз Астанада туындап отыр.
    Заң жүзінде тиім салу керек шығар..

  4. Науқаншыл әкімдердің кесірінен, Орталықтағы дүбәрә шалажансар шенеуліктердің өресінен қазақ өз тәуелсіздігінің құндылығын бағалап тойлаудың орнына аймақтарда Жаңа жылдық тойлауды бастап кетеміз. Ең сорақысы азамат деп жүрген атышулы әкімдердің шарасыздығы, кешегі комсомлшылдығы. Міне солардың кесірінен жылап еңіреп жеткен Егемендік бір Тас деген әкім айтпақшы, «бұл маңдайымызға біткен сүйелден арылуымыз керек» дегендей 1-желтоқсаннан бастап Алматыда шырша жағылып, барлық бизнес сырт бетін амал жоқ безендіріп кетеді… Құндылықтарға мән беруді әкімшіл жолмен құртылуда

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз