Қазанда апатқа ұшыраған «Боинг» ұшағы туралы туралы мәлімдеме жасалды

KazanҚазанда апатқа ұшыраған «Боинг-737» ұшағының Мәскеуден шығарда ақауы болған жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге «Татарстан» әуе компаниясының бас директоры Аксан Ғиниятуллин мәлім етті.

«Ұшақ ұшу қауіпсіздігі талакптарына сай болмаса рейске шықпас еді», - деді ол.
 Бас директордың айтуынша, ұшақ командирінің 2500 сағаттан астам тәжірибесі бар. Екінші ұшқыш та шетелдік үлгідегі ұшақтарда 1900 сағат ұшқан. Соңғы рет ұшақ 15-қараша күні «Тұлпар Техникс» ААҚ-да тексеруден өткен. «Боингтың» ұшуына рұқсат етілді, яғни, ол барлық техникалық талаптарға сай деген сөз» дейді ол. Сонымен қатар, ол бастапқыда «Мәскеу-Қазан» бағытына басқа әуе кемесін ұшыру жоспарланғанын растады. «Адам көбейіп кетті, сондықтан ол ұшақтың орнына үлкен лайнер берілді», - деді А.Ғинияттулин. Қазанда апатқа ұшыраған «Боинг» ұшағының әқара жәшіктерінен алынған алғашқы мәліметтер екінші айналымға шығарда лайнердің жылдамдығы күрт төмендегенін көрсетіп берді. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне сенімді ақпарат көзі хабарлады. «Қара жәшіктен» алынған бастапқы мәліметтерге сүйенсек, екінші айналымға шыққан кезде лайнердің жылдамдығы төмендеп, жерге құлдилай құлаған», - дейді ақпарат көзі. Әзірге бұл мәлімет ресми ақпарат көздері арқылы расталған жоқ.

ҚазАқпарат