Қазақстан президенті Қазандағы әуе апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты

AkordaПрезидент Нұрсұлтан Назарбаев Қазандағы әуе апатына байланысты РФ басшысы Владимир Путин мен Татарстан президенті Рустам Миннихановқа көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Жеделхатта мемлекет басшысы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы қаралы хабар қабырғасын қайыстырғанын атап өтті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

 «Бұл қасірет күйзелтіп кетті. Ресей федерациясы халқының қайғысына ортақпын», - делінген жеделхатта. Сонымен қатар, Н.Назарбаев осы апатта ұлы Иректен айырылған Р.Миннихановқа да жеделхат жолдады. Жеделхатта: «Қазақстан халқы мен өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасыларына, жақын-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», делінген.

"ҚазАқпарат"