Алматыға нағыз қыс ертең түседі

0
3289

Уақыт қарашаның бел ортасынан асса да, Алматының ауа райы шуақты, бірқалыпты ауа температурасын сақтап тұр. Алайда ертең, яғни 20-қарашадан бастап күн күрт суыта бастайды. Демек, нағыз қыс ертең түседі. Қар жауып, тұман тұрып, жел күшейеді – дейді Қазгидромет мамандары. Астанаға қыс әлдеқашан түсіп үлгерді.

Бүгін Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында дауыл тұрып, жер тайғақ болады.

Алматыда бүгін күздің соңғы жылы күні. Ауа температурасы +12 градусқа дейін көтеріліп тұр. Ал ертең синоптиктер -2 градусты көрсетіп тұрғанын айтады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз