Бүгін Татарстанда қаралы күн

Kazan"Қазан" халықаралық әуежайында "Татарстан" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, бортта болған 52 адамның барлығы көз жұмды.

Қазіргі таңда Татарстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында қайтыс болғандардың тізімі жарияланды.Дүйсенбі Татарстанда қаралы күн болып жарияланды. Әуе компанияның ресми өкілі Гүлназ Минниханова құлаған ұшақтың бұған дейін техникалық ақаулықтары болмағандығын мәлімдеді.

Олардың арасында ел президентінің ұлы Ирек Минниханов пен Татарстан бойынша Федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы Александр Антонов бар. Апатқа ұшыраған Boeing 737-500 ұшағы Мәскеуден Қазан қаласына бет алған. Оқиға жергілікті уақытпен кешкі сағат 19.20-да орын алды. Апаттың нақты себебін мамандар әлі анықтай алмай жатыр. Белгілісі, ұшақ қону жолағына екі рет келіп, қона алмай қайта әуеге көтірелген. Оның келесі қону мүмкіндігі апатпен аяқталды. Қазанда орын алған әуе апатынан қаза тапқан жолаушылардың ішінде Теміртау тумасы, 1967 жылғы Юрий Бурдин бар. Татарстан ТЖМ сайтында 17 қарашада Қазан әуежайында қаза болған барлық 52 адамның тізімі нақтыланған.Ол Нижнекамск қаласында тіркелген, деп хабарлайды "NewTimes.kz" ақпарат агенттігі. Бұған дейін хабарланғандай, әуе апатында Татарстан президентінің 24 жастағы ұлы да қаза болды. Айта кетейік,18 қараша Татарстанда қаралы күн деп жарияланды.

Baq.kz