Маңғыстау облысында ірі апат: мұнай тиеген пойыз бен бензин тасымалдағыш көлік соқтығысты

948236307Маңғыстау облысында ірі апат орын алды: мұнай тиелген 10 вагоннан асатын теміржол құрамы бензин тасымалдағыш көлікпен соқтығысты. Оқиға "Маңғыстау-5" елді мекенінің маңындағы Баянды ауылының жанында орын алды. "Өрт ауыздықталды. Қазір теміржолдан ауып түскен вагондармен айналысып жатырмыз. Себеп - бензин тасымалдағыш көлікпен соқтығысу", - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша "Өрт Сөндіруші" директорының м.а. (Маңғыстау облысы бойынша ТЖ департаменті гарнизонының құрамында) Рузгар Гасанов. Теміржол апатында бір адам қаза болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар қаза болған бензин тасымалдағыш көліктің жүргізушісі ме, әлде пойыз машинсі ме кім екенін нақты айта алмайды, оларды қазір зардап шеккендердің денсаулық жағдайы көбірек алаңдатады. "Олардың біреуін жолдан тоқтатқан көлікке отырғызып жібердік, екіншісін апаттар медицинасының мамандары ауруханаға алып кетті", - деді Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басқармасының бастығы, жедел кезекші капитан Назарәлі Селимов.

nur.kz