Қазақстан әлемдегі салық жүктемесі ең төмен елдердің бірі

00ebf8806e6e6545eeae74ca579db1f6Қазақстан әлемдегі салық жүктемесі ең төмен елдердің бірі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті. Еске салсақ, жиын барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Жалпы қосылған құн салығының құрылымы мен оны әкімшілендіру мәселесінде сұрақтар баршылық. Бұл негізінен қосылған құн салығын қайтаруға қатысты. Дегенмен, мен салық салудың қазіргі құрылымы ең әділ деп санаймын», - деді министр Е. Досаев.

 «Егер ставкалар мен жүктемелер туралы айтатын болсақ, біз ғана емес халықаралық сарапшылар да Қазақстанды әлемдегі салық жүктемесі ең төмен елдердің бірі ретінде бағалайды», - деді ол. Министр дағдарыстан кейін көптеген дамыған елдер салық жүктемелерін күрт арттырғанын айтып, Қазақстанда бизнеске 2009 жылдан енгізілген төмендетулер болмаса, салықтың ешбір түрі арттырылмағанын алға тартты.