Сенатта салық салуға өзгерiстер енгiзетiн заң жобасы қабылданды

1
1023
Сенаторлар «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын қабылдады.Заң жобасында жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын iске асыру мақсатында жеке тұлалардың мүлкiне, көлiк құралдарына салықтарды арттыру және акциздер мөлшерлемелерiн арттыру жөнiндегi нормалар қамтылған:

– 2014 жылдың 31 желтоқсанынан кейiн шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе ҚР аумағына әкелiнген қозғалтқышының көлемi 3 мың текше сантиметрден жоғары жеңiл автомобильдер үшiн көлiк құралдарына салықты арттыру;

– Астана және Алматы қалаларында, сонымен қатар облыс орталықтарында тұрғын үйдiң базалық құнын екi есе арттыру;

– күштi алкоголь және темекi өнiмiне акциздер мөлшерлемелерiн 2014 жыл мен 2016 жыл аралығында кезең-кезеңмен арттыру.

Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңес шешiмдерiне сәйкес салық заңнамасын қолдануға байланысты мәселелердi реттеу жөнiндегi нормалар көзделген. Бұған қоса, заң жобасында салықтық әкiмшiлiк ету, түсiнiксiздiктер мен дәлсiздiктердi жою мәселелерiн жетiлдiруге бағытталған нормалар көзделген.

«Заң жобасында экономиканың жекелеген салаларын қолдау жөнiндегi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге салық салуды оңтайландыру жөнiндегi нормалар қосылды. Мысалы, жоғары технологиялық өнiм өндiрiсiн арттыру үшiн жекелеген арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесi кеңейтiледi»,- дедi баяндама жасаған Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев.

Министр заң жобасын қабылдау салық нормаларын қолдану кезiнде бүгiнгi күнi туындап отырған мәселлердi жоюға және елдiң одан әрi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуына жағдай жасауға мүмкiндiк бередi, деп түйiндедi.

 

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

1 Пікір

  1. Салық, әрине бюджеттің қайнар көзі, дегенменде осы қарапайым орта шаруаға қалай болар екен.Үкімет неге ойланбайды, ертең салықтан жалтарудың не бір тәсілін ойлап табамыз ғой. болмаса пара беріп, тексерістен құтылады, коррупция сонда болар. машинасы бар пенделерге енді көше сақшысы да құдай, олармен дос боламыз.шаруасын орындауға тура келеді.Үкіметке осы не жетпей жатыр.бәрі қымбаттауда, хұмыссыздық белең алуда. ертең санымызды соғып қалмасақ болар.қазақ момын болғанмен ашуы қатты халық.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз