Есенқұл Жақыпбек бақилыққа аттанды

jakypbekovОл 1953 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1990 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Біржан сал атындағы сыйлықтың лауреаты. Суырып салма ерекше дарынымен танылған Есенқұл 1984 жылы өткен телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды.

Бүгін қазақтың белгілі айтыскер ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясының лауреаты, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері  - Есенқұл Жақыпбек алпыс жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол 1953 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1990 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Біржан сал атындағы сыйлықтың лауреаты. Суырып салма ерекше дарынымен танылған Есенқұл 1984 жылы өткен телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды. Ұзынағаш ауылында орта мектепте мұғалім, Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы болып қызымет атқарған. Есенқұлдың айтыскерлігімен қоса жазба поэзиядағы орны да ерекше. Алғашқы өлендері 1984 жылы "Жалын" баспасынан шыққан "Қарлығаш" атты жинаққа енді. Одан кейін "Ағымнан жарыламын" (1986), "Біз екеуміз" (1990), "Жеріңе табын" (1994), "Жанқисса" (1996), "Есіл дүние-ай", "Біздің елдің жігіттері" (1999), "Бұл жаз да өтер" (2001) сынды 11 жыр жинағы жарық көрді. Ақынның өзі шығарған әндері «Алдай-ау», «Қара күз», «Жұлдыздар», «Жаздың соңы», "Біздің елдің жігіттері" және басқа да шығармалары жұртшылық арасына кеңінен танымал. Біз марқұмның отбасы, туыс-туғандарына көңіл айта отырып, қайғысына ортақтасамыз. Бұл дүниеде халықына еселі еңбек еткен аяулы жанды Алла тағала панасына алсын, иманы жолдас болсын деп дұға қыламыз! Марқұммен қоштасу 16 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы,Ұзынағаш аудандық Мәдениет үйінде сағат 10-да өтеді.

"kazaitys" порталынан