ОҢТҮСТIКТЕ ҰЛТТЫҚ ЖОБА ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР?
2009 ж. 01 шілде
2002
0
ТҮРКIСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРIК УНИВЕРСИТЕТIНIҢ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНДА «МӘДЕНИ МҰРА» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТIҢ КӨШПЕЛI ОТЫРЫСЫ ӨТТI. ОТЫРЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТI ӘКIМШIЛIГI БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ МӘУЛЕН ӘШIМБАЕВ КIРIСПЕ СӨЗБЕН АШЫП, ЖҮРГIЗIП ОТЫРДЫ.ОТЫРЫСТА «МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ МЕН ОСЫ ОРАЙДА АЛДА ТҰРҒАН МIНДЕТТЕР ТЕРЕҢ ТАЛДАНДЫ ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. АТАП АЙТҚАНДА, ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ МЕН ОҒАН IРГЕЛЕС ЖАТҚАН СӘУЛЕТ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕРДI ҚАЛПЫНА КЕЛТIРУДIҢ БАРЫСЫ СӨЗ БОЛДЫ. СОНДАЙ-АҚ ОТЫРАР ОАЗИСI, ТҮРКIСТАН, САУРАН ҚАЛАЛАРЫ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКIШТЕРIНIҢ БАЗАСЫНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДIҢ БIРТҰТАС IС-ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫН ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ. ОСЫ ОРАЙДА ЗЕРТТЕУДI ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГIЗУ МЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖҰМЫСЫН ЖЕДЕЛДЕТУДIҢ ЖАҒДАЙЫ ТАЛДАНДЫ. СОНЫМЕН БIРГЕ БIРТҰТАС САЙРАМ-ОТЫРАР-АРЫСТАНБАБ-САУРАН-ТҮРКIСТАН ЖӘНЕ ОСЫ ҚАЛАШЫҚТАРҒА IРГЕЛЕС ЖАТҚАН СӘУЛЕТ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕРДI ҚАМТИТЫН ТУРИСТIК БАҒЫТТАРДЫ ӘЗIРЛЕУ МӘСЕЛЕСI СӨЗ БОЛДЫ. IС-ШАРАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШIН МҮДДЕЛI МИНИСТРЛIКТЕР МЕН КОМИТЕТТЕРДIҢ, ЖЕРГIЛIКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ IС-ҚИМЫЛДАРЫН ҮЙЛЕСТIРУ МӘСЕЛЕСI БАСА АЙТЫЛДЫ. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКIМI АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ӨЗ ОЙЫН ОРТАҒА САЛДЫ, МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫНА ШОЛУ ЖАСАДЫ. Күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат, Көлiк және коммуникация вице-министрлерi Қ.А.Өскенбаев, А.И.Бөрiбаев, Е.С.Дүйсембаевтар, сондай-ақ Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, академик К.М.Байпақов, «Қазқайтажаңғырту» кәсiпорнының директоры Қ.Қ.Тұяқбаев, Қызылорда және Жамбыл облыстары әкiмдерiнiң орынбасарлары М. Мұхамедов, Қ. Ақсақалов, Түркiстан қаласының әкiмi Б.Сыздықов, Отырар ауданының әкiмi Ә.Құртаев, тағы басқалар өз ойларын ортаға салды. Шын мәнiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы тарихи-мәдени мұраларға өте бай. Ресми мәлiметтер бойынша олардың саны 1111 екен. Солардың 931-i археологиялық, 180-i қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi. Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес облыста Аққойлы мешiт-медресесiне, Баба-Ата сарай-ғимаратына, «Әзiрет-Сұлтан» мемлекеттiк қорық-мұражайының қоғамдық және дiни сәулеттiк ғимараттарына, Тұрбат ауылындағы дiни сәулеттiк ғимаратқа, Отырар қалашығының тарихи ескерткiштерiне, Арыстанбаб кесенесi мен Сайрамдағы сәулеттiк кешен ғимараттарына қайта жаңғырту және сақтау жұмыстары жүргiзiлдi. Республикалық бюджеттен бөлiнген қаржыға Испиджаб, Кенджида, Отырар, Шауғар сияқты тарихи-мәдени аумақтарға орналасқан 11 ежелгi және ортағасырлық археологиялық ескерткiштер кең ауқымда ғылыми зерттеуделе. Олардың iшiнде Бөрiжар некрополi, Жуантөбе, Қараспан, Шымкент, Сауран, Сидақ қалашықтары, Қошқорған, Шоқтас палеолиттiк тұрақтары бар. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес облыстағы республикалық маңызы бар 25 ескерткiш ғимаратының 64 пайызына, яғни 16-сына қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл үшiн бағдарлама бойынша жоспарланған қаражаттың 12 пайызы, шамамен 700,0 млн теңге қаржы бөлiндi. Оңтүстiк Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасы бойынша 2006-2007 жылдары 69,1 млн теңге қаржы игерiлдi. Ал 2008 жылға жоспарланған 65,2 млн теңге қаржы тапшылығынан бөлiнбей қалды. Дегенмен, облыста 2 сақтау, 3 нысанда археологиялық зерттеу, 2 жобалық-сметалық құжаттар және техникалық-экономикалық негiздеме жасау жұмыстары атқарылды, ал екi жоба мемлекеттiк сараптамадан өткiзiлдi. Алайда, «Көне Отырарды қалпына келтiру» бағдарламасы бойынша бiрқатар iс-шаралар орындалмай қалды. Олардың арасында Арыстанбаб кесенесi жанынан 220 орындық қонақ үй кешенiн, зиярат ету орталығын, Әл-Фараби мұражайын салу да бар. Арыстанбаб және Ахмет Яссауи сәулеттiк кешендерi облыстың ғана емес, елiмiздiң, қала бердi бүкiл мұсылман елдерiнiң мақтанышы. Аталған нысандарға зиярат жасап келушiлер күн санап арта түсуде. Сондықтан, мысалы, Түркiстан қаласында туристiк орталық салу мақсатында 3 жоба ұсынылған. Олар: сметалық құны 1 млрд.890 млн. теңге тұратын он мың орындық зияратшылар ауылын, 900,0 млн. теңгеге ашық аспан астындағы карта-мұражайын, 1 млрд.115 млн. теңгеге Тарихи-этнографиялық саябақ салу. Отырар ауданы бойынша да осы тектес жобалар жасалған. Дегенмен, бұл жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджетте қаржы қарастырылған жоқ. «Көне Отырарды қалпына келтiру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен соңғы бес жылда 366,0 млн теңге қаражат жұмсалды. Бағдарлама аясында Отырар оазисiндегi тарихи-мәдени ескерткiштердi зерттеп, насихаттауға арналған ғылыми және ғылыми-көпшiлiк екi кiтап-альбом, екi буклет, үш монография жарық көрдi. Осы орайда ұлы ғұлама Әл-Фарабидiң мұраларын тереңiрек зерттеп, жаңа кiтаптар шығаруды қолға алған жөн. Оңтүстiк Қазақстан облысы тек халық санының тығыздығы жағынан ғана емес, ескерткiштер санының көптiгi жағынан да ерекшеленедi. Сондықтан қаражат осыған сәйкес бөлiнгенi абзал, бұл мәселеге жаңа көзқарас қажет. Облыстағы жойылып кету алдында тұрған бiрқатар ескерткiштерге шұғыл зерттеулер жүргiзу керек болып тұр. Олардың арасында Көксарай су реттегiшi аумағындағы Тақыркөл, Сайрам ауданындағы Ханқорған - «Джумишлагу», Төлеби ауданындағы Екпiндi, Ордабасы ауданындағы «Күлтөбе», Мақтарал ауданы аумағындағы Сырдария өзенiне жақын жатқан «Үтiрлi» қалашықтары бар. Бұл нысандар «Мәдени мұра» бағдарламасына енбей қалған, қаражат та қарастырылмаған. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыстан шыққан белгiлi ақын-жазушылар мен зерттеушiлердiң мәдени және әдеби шығармалары жарияланатын кiтаптар сериясын әзiрлеу аса қажет. Олардың iшiнде ХҮ-ғасырдағы Атаидың, кейiнгi кезеңдегi Молда Мұса Байзақұлының, Саттар Ерубаевтың, Нұралы Нысанбайұлының, Орынбай Тайманұлының, Айнабек Нысанұлының, Қазанғап Байболұлының шығармалары бар. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Асқар Мырзахметовтiң, және басқалардың сөздерiнде осы жәйттерге назар аударылды. Отырыс барысында елiмiзде мәдени-туризмдi жан-жақты дамытудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ Түркiстан, Отырар аумағындағы туристiк инфрақұрылымды дамыту және т.б. тарихи-мәдени кешендердi сақтау мен тиiмдi пайдалану жолдары кеңiнен талқыланды. Қысқасы, тұтастай алғанда қоғамдық кеңестiң көшпелi отырысы өте пайдалы болды. Оны Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Мәулен Әшiмбаев қорытындылады. Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ