Жаңа кадрлық тағайындаулар

1378864503_parlamentӨткен аптада биліктің бас органдарымен аймақтық органдарда, ұлттық компанияларда кадрлық өзгерістер орын алды. ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарыболып Б.А.Сағынтаев тағайындалды. Сағынтаев 2013 жылдың 13 қаңтарынан бастап, аймақтық даму министрлігін басқарып, сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары қызметін бірдей атқарып жүрген болатын. Сондай-ақ Елбасының жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары әрі қаржы министрі болып тағайындалды. Ал, Б.Жәмішов ҚР аймақтық даму Министрі қызметіне орналасты. Б.Жәмішов 2007 жылдан бері Қазақстанның қаржы саласын басқарған. Ветеринарлық бақылау мен ауыл шаруашылығы министрлігінің қадағалау комитетінің бастығы болып Рүстем Құрманов тағайындалды. "Сбербанк" банкінің басшылар кеңесі ақылдаса келіп, жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бөлімнің басшысы болып Андрей Тимченко тағайындылды. Қарағанды облысының ауал шаруашылық басқармасының басшылығына 45 жасар Бауыржан Асанов тағайындалды. Қарағанды облысының мәдениет басқармасының басшылығына "Наз" театрының бұрынғы басшысы Еркебұлан Ағымбаев келді. Кәсіпкер Исламбек Салжанов кәсіпкерлер палатасының Ақтөбе облысы бойынша аймақтық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.