Жылжымайтын мүлік қорын қаржыландыру тоқтатылды

0
702

            Құрылыс салушы «ARUANA-Хан-Тенгри» ЖШС-ның «Хан-Тенгри» тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыруды тоқтатуға байланысты “Самұрық-Қазына” жылжымайтын  мүлік қоры” АҚ бұл мәселе бойынша ресми түсініктеме берген болатын.

           Объектінің 137 үлескерінің мәселесін шешу мақсатында 2009 жылдың 3 шілдесінде Жылжымайтын мүлік қоры мен Құрылыс салушының арасында Жылжымайтын мүлік қорының Объектінің құрылысын аяқтауды қаржыландыруды көздейтін шарт жасалған болатын.

            Шарттың талабына сәйкес Жылжымайтын мүлік қоры шарт сомасының 1/3 бөлігін құрайтын 318 млн. теңгені объектінің құрылысына жұмсаған. Құрылыс салушы қаржыны толық көлемде игерді.

            Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 27 шілдедегі шешімінің негізінде жылжымайтын мүлік қорын әрі қарай қаржыландыру тоқтатылды. Себебі  «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның талабы бойынша Құрылыс салушы Объектіге ие болу құқығынан айырылды.

           Қаржыландыруды тоқтатқан сәттен бастап үлескерлердің проблемаларын шешу мақсатында Жылжымайтын мүлік қорының қаржыландыруын қайта жаңғырту үшін Объектіні Құрылыс салушыға қайтару мәселесі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-мен келіссөздер жүргізуде.

          Бірақ, мәселе әлі күнге дейін шешімін, тапқан жоқ. Өйткені, «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Құрылыс салушыны куәландыру бойынша қойып отырған талаптарын қазіргі экономикалық жағдайда орындау қиындық туғызады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз