ҚЫЗЫЛАҒАШ ҚАСІРЕТІН ХАЛЫҚ БОЛЫП КӨТЕРУІМІЗ КЕРЕК

             Алматы облысы, Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылында үстіміздегі жылдың 11-наурызында «Қызылағаш су қоймасы» бөгеуі бұзылып, ауылды тасқын су басқаны баршаңызға белгілі. «Ауыл тұрғындарының тең жартысы опат болыпты, су қоймасы қар суына лық толып, бөгеудің бұзылғалы тұрғаны жөнінде Қызылағаш тұрғындарына хабар берілмепті, ауыл әкімі өз бала-шағаларын алып қашып кетіпті» деген гу-гу әңгіме Алматыға лезде тарап кетті. Сол әңгімені естігендердің ішінде ауыл әкімін балағаттамаған адам болмаған шығар-ау, сірә. Осы төтенше жағдайды естіп, «елім» деп еңіреген азаматтар дереу Қызылағашқа бет алды. Солардың қатарында төрт жылға жуық тіркеле алмай жүрген «Алға!» халықтық партиясының басшылары  Владимир Козлов пен Михаил Сизов та бар еді.

 

ҚЫЗЫЛАҒАШҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК

         Бұл азаматтар бастарына қиын-қыстау іс түскен адамдармен көзбе-көз кездесіп, ауызба-ауыз тілдесіп қайтқаннан кейін, Алматыдағы Шаңырақ тұрғындарына, Жаңаөзендегі мұнайшыларға тікелей құқықтық көмек көрсетіп, нәтижелі іске қол жеткізген қоғамдық құқық қоғаушы ретінде маған ұсыныс тастап, дәл сондай құқықтық көмекті Қызылағаш ауылы тұрғындарына да көрсетіп қайтуымды сұрады. Мен бірден келісімімді беріп, он күндей уақыт тауып, халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуге дереу аттанып кеттім. Менімен бірге «Күретамыр» қоғамдық қорының президенті, белгілі ақын Айсұлу Қадырбаева, қордың консультанты Тамара Майжанқызы, «Жаса, Азаттық!» ҚБ-нің ұйымдастырушысы Зинегүл Әділханқызы бірге аттанды.

         Тіркелмеген «Алға!» ХП-сы бізді керекті техника, құрал-жабдықтарымен, атап айтқанда, компьютер, ксерокс, сканер, принтер, шатыр, электр генераторы, қағаз, қалам, сондай-ақ, күнделікті әр түрлі қажеттіліктерге орай сұрыпталған қайырымдылық көмек заттарымен қамтамасыз етті. Талдықорған қаласында бізді тіркелмеген «Алға!» ХП-сының осындағы филиал басшысы Баниямин Файзуллин қарсы алып, Қызылағашқа жеткізді. Қызылағашта бізді Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, ауылдық төтенше жағдай штабы жетекшісі Сабит Қорғанбаев және Қызылағаш ауылының жаңа әкімі Сәуле Әмитова жылы шыраймен қарсы алды. Ауыл ақуалымен танысып отырғанда, қаладан Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов келіп, біздің бұл бастамамызды құптап, ісімізге сәттілік тіледі. Алматы-Өскемен тас жолының бойына шатырымызды тігіп, үш күн бойы шатыр қалашығына барудан бас тартқан тұрғындарға психиологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсеттік. Айсұлу апай тұрғындармен болған жиналыста сөз сөйлеп, аналық ақыл-кеңестерін берді. «Қызылағаш су қоймасының» орнын, тасқын су бұзбай айналып өтіп, бұзылмай қалған ауыл мешіті мен мұсылман бейітін өз көзімізбен арнайы барып көріп қайттық. Су қоймасына жыйналған 42 миллион текше метр су қоры бөгетті бұза-жара, ауылмен арадағы 10 шақырымдай қашықтықтан аласапырандатқан күйі, опыр-топыр жарылған мұзды қабат пен соның екпінінен төңкеріле құлаған не бір бетон сынықтарын ұршықтай үйіріп, құмы-тасы аралас тау аңағарын қуалай, етекте тұрған ауылға түн ішінде тап берген екен. Өзек ауызындағы Қызылағаш ауылына 30 минөтте жеткен алдыңғы толқынның биіктігі 8 метрден асқан көрінеді. Ал, тасқын судың ағынының жылдамдығының аса жоғары болғандығы соншалық, дер кезінде қашып шығып, бөктерге аяқтары ілінген қайсыбір азаматтардың айтуына қарағанда, бас-аяғы бес минөттің ішінде ауылдың үстін түгелдей басып үлгерген. Тіпті, қалта телефондарының бейне таспасына бұл топанды түсіріп алғандар да бар екен. Бір ғажабы – Алла өзінің құдіретін шын көрсетіп, тура өзек ауызында тұрған бейітті аман қалдырып, мешітті айналып өтіп, оның артындағы бетон қорғанды қиратып, 20 шақырымдай жерде орналасқан Егінсу ауылынан бір-ақ шыққан. Оны айтасыз, барып-қайтқан адамдардың аузында су екпіні Қызылағаштан 120 шақырым жердегі Матай станциясына дейін жетіп құлаған деген сөз жүр. Біз Егінсуға да арнайы бұрылып, соғып кеттік. Бұл аймаққа топан су 12-наурыз күні сағат күндізгі 12-шамасында, яғни, жарты тәулік ішінде ағып жеткен екен дейді. Абырой болғанда, бұл жақтың мал-жандары аман.

           Тұрғындардың айтуынша, облыс  әкімі Серік Үмбетовтің өзі тікұшақпен дер кезінде жетіп үлгеріп, бұл ауылдың тұрғындарын сол тікұшақтың арқасында құтқарысыпты. Мұнда 16 тұрғын үй жаңадан салынып, 68 үй күрделі жөндеуден өткізіліп, азық-түлік, киім-кешек уақытында жеткізіліп жатқанына көз жеткіздік.

         Сондай-ақ, біз, топан судың ілкідегі бастауын көріп қайту үшін «Қызылағаш су қоймасына» бардық. Оның басында отырған күзетшімен, малшылармен тілдестік. Күзетшінің айтуынша, су бөгет пен тау арасынан саңылау салып, 11-наурыз күні кешкі сағат 9.30-да сыздықтап аға бастаған. Сол саңылау біртіндеп кеңи берген. Осының салдарынан арнадағы су молайып, Қызылағаш ауылынан өтіп жатқан судың деңгейі шұғыл көтеріле бастаған. Оны сол ауылдың тұрғындары да растап отыр. Осыны көріп, қатерден сезіктенгендер сол кезде-ақ ауылдан кете бастапты. Тоған күзетшісі кешкі сағат 9.30-дан бастап қазіргі таңда қамауда отырған ауыл әкімі ме қойын кітапшасында телефондары жазулы өзі таныйтын басқа да адамдарға қайта-қайта телефон шалады. Ең өкініштісі – жағыдайдың қыйындап бара жатқандарына көзі жетіп, су қоймасының бұрандалы ашқышының тетігін кезектесе бұрап, су екпінін арнайы жасалған шлюзге қарай бұруға тырысқан жігіттердің әрекетінен ештеңе шықпапты. Ауылға қосымша күш алып келуге кеткен әкім мен тағы да басқа жауапты адамдар тоған бұзылып кеткен сәтте ғана жетіп үлгерген. Одан арғы жағыдай, сөз жоқ, ауыздықтауға келмес апатқа ұрындырды.

            Қызылағашта 450-дей үй, 2000-ның үстінде тұрғын болыпты. Шүкіршілігі – соның басым көпшілігі топан судың қаупінен алдын ала хабар алып, апаттан құтылып үлгерген. Мәселен, ауылда тұратын шешен ұлты өкілдері үш күн бұрын балашағаларымен басқа ауылға кеткен. Көп ішінде қамсыздық танытып, хабарға құлақ аспағандар да болыпты. Айталық, Қытайдан келген 1000-нан астам оралман бауырларымыз бар екен. Солар өзек ауызындағы бір жас отбасының үйіне, бір емес, үш рет барып, оларды орындарынан қозғай алмай қойған. Соның кесірінен, сол үйдің отағасысы мен екіқабат әйелі және екі баласы мерт болыпты. Сондай-ақ, тау бөктерінде жүре тұруға шыдамдары жетпей, ауылға қайта оралып, топан су астында қалған екі жігіт жөнінде де хабар естідік. Қайтесіз, марқұмдардың туған-туыс, жақын-жуықтары көкіректері қарс айрыла, қайғырып отыр. Міне, Құдайдың «Сақтансаң, сақтаймын» дегені – осы да.

              24-сәуірде облыс әкімі Серік Үмбетовтің ұйытқы болуымен, су апатынан шейіт болған 45 адамның қырқы беріліп, марқұмдарға құран бағышталды. Ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп мемлекет тарапынан, Қазақстан халқы тарапынан көмек көрсетіліп, жылу жыйналып жатқанын   шағаларымен басқа ауылға кеткен. Көп ішінде қамсыздық танытып, хабарға құлақ аспағандар да болыпты. Айталық, Қытайдан келген 1000-нан астам оралман бауырларымыз бар екен. Солар өзек ауызындағы бір жас отбасының үйіне, бір емес, үш рет барып, оларды орындарынан қозғай алмай қойған. Соның кесірінен, сол үйдің отағасысы мен екіқабат әйелі және екі баласы мерт болыпты. Сондай-ақ, тау бөктерінде жүре тұруға шыдамдары жетпей, ауылға қайта оралып, топан су астында қалған екі жігіт жөнінде де хабар естідік. Қайтесіз, марқұмдардың туған-туыс, жақын-жуықтары көкіректері қарс айрыла, қайғырып отыр. Міне, Құдайдың «Сақтансаң, сақтаймын» дегені – осы да.

           24-сәуірде облыс әкімі Серік Үмбетовтің ұйытқы болуымен, су апатынан шейіт болған 45 адамның қырқы беріліп, марқұмдарға құран бағышталды. Ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп мемлекет тарапынан, Қазақстан халқы тарапынан көмек көрсетіліп, жылу жыйналып жатқанын  теледидар көретін, кітап оқыйтын орталықтардың ашылуына куә болдық. 30-ыншы сәуір күні 50 үйдің кілті табысталып, қоныс тойы тойланатынын, малдары өлген әр отбасына 1 жылқы, 1 сиыр және 10 қойдан берілетінін, ауылдың шаруашылық кітабында тіркелген малдардың да есебі ескерілетінін облыс әкімінің өз ауызынан естідік. «Жаңа ауыл неге қайта су жолына салынып жатыр?» деген біздің сұрағымызға облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша орынбасары Тынышбай Досымбеков мырза «Ауыл су жолынанан 35 метр тысқары шығарылып, су бойына ағаштар отырғызылды. Алдағы уақытта тоған қайта жасақталып, су электр станциясы салынады. Күзет те күшейтіледі», - деп нақты жауап   берді.

              Облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық штаб бастығы Амандық Батталовтың да жарғақ құлағы жастыққа тіймей, аянбастан қызымет етіп жүргенін аңғардық. Сөйтіп, облыс басшыларының бір жұдырықтай болып бірлесіп атқарып жатқан істерін көріп, құлазып келген көңіліміз едәуір көтеріліп қалды. Әрине, әлі де атқарылатын істер, шешімін таппай жатқан жеке-бас сұрақтар баршылық. Ол сұрақтар, біз Қызылағашқа келе-сала, алдымыздан шығып, аудандық комиссияның отырысында бірден-ақ байқалған болатын. Сол күні аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Қайрат Исаев мырза тұрғын үй дауына байланысты төрт істі ортаға салған-ды. Бүгінге дейін құқықтық көмек сұрап, заңгер ретінде, менің қабылдауыма күніне 35-тен 50-ге дейін адамдар келуде. Біз кеңес берумен қоса, оларға қажетті құжаттардвң көшірмесін тегін түсіріп беріп жатырмыз.

           «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көш жүре түзеледі», - дегендей, билік пен бұқара бірлесіп жұмыс істесек, біз алмайтын қамал, шешпейтін мәселе, жетпейтін жеңіс болмасына күмәніміз жоқ. Алайда, қандай да болмасын, қауіп пен қатердің алдын алып, сақ отырғанда, Қызылағаш ауылының қаншама жылдардың иісі сіңген бұрынғы іргесі сөгілер ме еді?! Әрине, жоқ. Жасалып жатқан игілікті істерді көріп отырсақ та, қызылағаштықтардың бастарынан өткізген қасіретті жағыдайынан көңілімізге ащы запыран ұялатқан осы бір өкінішімізді қалай ғана жасырып қала алармыз. Алла-тағала келер күндердің қайырын берсін!

 

Жиынбек РӘБІЛҰЛЫ,

«Жаса, Азаттық!» ҚБ-нің заңгері,

қоғамдық құқық қорғаушы