Алтын адам деп жүргеніміз кім?

26
21411

Сақ па, үйсін бе?

 

Бұл өзі сонау 1963 жылдары Есіктегі су тасқынынан шайылған қорғаннан кездейсоқ табылған олжа болатын. Сонымен, кезінде бүкіл әлемде қазақтың атын аспандатып, рухын шаттандырған керемет тосын жаңалық – ұлт мақтанышы көрерменнің көзайымына айналған, сол алтынға малынған асыл бекзатымыз кім болып шықты? Осы қорғанда 1969-71 жылдары зерттеумен айналысқан археолог-тарихшы К.Ақышевтің болжамы бойынша, Есік қорғаны б.з.б. V–IV ғасырларға жатады. Антропологтың анықтауынша, мүрденің жасы 16-18. Байпақов оны б.з.б IV ғасырдың аяғы, ІІІ ғасырдың басына жатқызып, жерленушіге 17-18 жас береді. Уақыт айырмашылығы ІІ ғасыр. Тап басып айту жоқ.

Алтын адамымыз жөніндегі бар тұжырым осымен шектеледі. Ертедегі Қытай жазба деректеріне үңілер болсақ, б.з.б. Іле бойында, жалпы Жетісу өңірінде үйсіндерден басқа іргелі мемлекет болмаған. Осы маңайдағы ұлыстардың түсін түстеп, қоныстарын түгендеп шыққан ежелгі Қытай тарихшылары Есікті орталық астанасы еткен құдіретті ұлы мемлекет — Үйсіндер ұлысы мекен еткендерін жазады. «Үйсін күнму Елжау би үздік шыққан көсем, қажырлы қаһарман, соғыс өнеріне шебер, ақылы асқан парасатты адам еді» (Көне қазақ тарихы. Алматы, 1993 ж. 68 б.).

Үйсіндердің гүлдену, өрлеу шағы да арғы мың жылдықтың ІІ-І ғ.ғ. болатын. «Алтын, күміс, асыл тастардан жасалған әшекей бұйымдар Үйсін мемлекетінің, қазақ халқының мәдениетінің өте жоғары болғанын көрсетеді» (Ақышев. Алматы, 1993 ж. 68 б.).

Сөйте тұра неліктен Ақышев бұл қорғандағы Алтын адам ханзаданы сонау сақтарға апарып телиді?

Қытай деректері үйсіндердің күшейген кезін былайша баяндайды: «Үйсіндер — батыс өңірдегі ең құдіретті мемлекет, олардың 120 мың түтін, 188, 8 мың сауытты әскері болған. Елжау бидің 10 ұлы болған, соның тақ мұрагері етіп белгілеген тұңғыш баласы жас шағында 22 жасында қайтыс болады. Елжау атамыз 5 әйелінен 23 бала көріп, соның оны тіреп тұра қалыпты…» (Қазақ тарихынан. Алматы, 1997 ж. 42 б.).

Мұны Бан Гу жазған «Батыс өңірі және Үйсін мемлекеті» кітабында (Үрімші, 1987 ж.) дәлелдейді. Елжау бидің екінші баласы «Дәру (Дулы) аса қабілетті әрі қолбасылыққа шебер еді» делінген онда. Бірақ Елжау тақ мұрагеріне осы баласын бекітпей, қайтыс болған баласының ұлы Жөншіні тағайындайды. Соған қарағанда, қайтыс болған үлкен баласы әкенің зор құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген деуге болады.

Ақышевтің зерттеулерін ары қарай талдап көрелік: «Ертедегі сақ дауіріндегі мүрделерден кездесетін сүйек-ет қалдықтары, табылған 31 ыдыс-аяқтардың бірінде де болған жоқ». (Ақышев, Алматы 1976 жыл, 2-бет) Ертедегі сақтардың жерлеу рәсімдерінде міндетті түрде арғы дүниеде ішіп-жейді деген ұғым бойынша қыш құмыра ыдыстарға ет тағамдарын салып,

кейде белгілі тұлғаларға арнап қойдың бүтіндей жамбас етін салатын болған. Бұл рәсім мұнда сақталмаған. Сақ, ғұн, үйсіндерден басқа бұл өңірде басқа ірі ұлыстар өмір сүрмегені белгілі. Ғұндардың жерлеу ғұрыптарында көсеммен бірге құлдар да жерленген, яғни тіптен басқаша.

Ал үйсіндердің жерлеу ғұрыптары бойынша да арғы дүниеде өмір жалғасады, ішіп-жейді деген ұғым болған. Бірақ ет тағамдары емес, жеңіл тамақ, сусындар қыш құмыраға толтырылып, бірге көмілген. Ханзаданың қабірінен табылған 31 қыш құмыра, 4 күміс тостағандарда тек сусындар мен жеңіл тамақтар қалдықтары болған. Демек, ғұндар мен сақтардың жерлеу дәстүріне келіп тұрған жоқ. Олай болса ол неліктен сақтарға апарып телініп отыр? Мұндағы жерленген сақ бекзадасы емес.

Ханзаданың мүрдесінен 15 м аралықта тағы бір көсемнің қатар қойылуы нені аңғартады? Жалпы дәстүр бойынша әрбір тұлға дара көмілуі керек. Басындағы қорған да жеке болуы керек. Жас ханзаданың әуел басында тұрғызылған қорғаны жеке болған. Кейін екінші тұлғаны жерлеуінен кейін біріктіріп, үлкен қорған тұрғызылған. Қорғанның ауданы 60 х 60, биіктігі 6 м., жалпы аумағы 8300 м3. Ақышев бұны екі мүрденің бір отбасынан шыққан жақын туыс екенімен түсіндіреді. Біздің айтпағымыз да осылай, бір қорғанның астында қатар жатқан қазақтың ұлы тұлғасы Елжау би мен оның тақ мұрагері, өмірден тым ерте өткен аяулы ұлының мүрдесі.

«Екі жерлеу де бір ғана жүз жылдықтың ішінде болған. Шеттегі қабірге қарағанда, ортада жерленген адам аса құрметті, лауазымды адам болуы тиіс. Екі мүрденің бір қорған астында орналасуы марқұмдардың бір отбасы мүшелері, туыс адамдар» (Ақышев, Алматы, 1978 ж. 6 б.). Ақышевтің бұл пікірімен толық келісуге болады.

Арада 30-35 жыл өткеннен кейін Елжау би дүниеден өтерде, баласының қасына қатар жерлеуді өсиет етіп, екеуіне үлкен бір қорған тұрғызуды аманат етіп кеткен сықылды. Ортадағы мүрдедегі жерленген адам, біздің болжамымыз бойынша, алғашқы қазақтың дара көсем тұлғаларының бірі – Елжау би. Оның бүткіл үйсіндер арасындағы қандай беделге ие болғаны жөнінде тарихтан белгілі. Өкініштісі, төңірегіндегі қорғандарды тұтас тонаған тонаушылардан ұлы тұлғаның мүрдесі де аман қалмаған. Біз сөз етіп отырған жас ханзаданың бейітінен басқа осы маңайдағы ірілі-уақты 40-тан астам қорғандардан тоналмай аман қалғаны жоқ. Суық қолдардан алдын ала сақтандыруды кемеңгер әке ойластырған тәрізді. Екі қорғанды біріктіріп бір қорған жасау арқасында тонаушылар адасып, сүйікті баласының мүрдесі сол қалпында 22 ғасыр өтсе де мұрты бұзылмай, қазіргі ұрпақтарына жетіп отыр. Оның үстіне Елжау би өте киелі рухты адам болған. Ол жөнінде қытай тарихшыларында мынандай дерек бар: «Хұндар Күн бидің әкесін соғыста өлтіріп, жаңа туған сәбиді далаға тастап кетеді. Оған құстар

қамқоршы болып, қаншық қасқырлар емізіп асыраған.» (Бичурин, Алматы 1997 жыл, 63-бет). Мүмкін киелі әкенің жебегені де болар.

 

Құпиясы мол мөр

 

«Есік қорғанынан табылған сақ адамы қолына екі көлемді алтын жүзік таққан. Оның бірінде жүзік – мөр, әсем бас киімдегі адамның басы бейнеленген» (Байпақов, 2006 ж. 159 б.).

Сол қолындағы «көлемді жүзік» ырым-жырымның бірі болар, ал оң қолындағы «жүзік-мөр» нені мегзейді? Арғы мың жылдықта Қытай мен Жетісу алқабын жайлаған Үйсіндерден басқа ешбір ел «мөр» пайдаланбаған.

«Қараша қорғанының бір обасынан бедерленген саз балшықтан жасалған мөр табылды. Сирек кездесетін бұл олжа Талғар қорғанындағы обадан табылған мөрмен бірдей. (Байпақов, Алматы, 2006 ж., 159 б.).

Мұндағы Қараша деп отырғаны — Тараз қаласынан 40 шақырым шығысында орналасқан әйгілі Ақыртас ғимаратының іргесіндегі бұлақтың аты. Осы төңіректе археолог Максимова бастаған экспедиция 1971-75 жылдары зерттеу қазба жұмыстарын жүргізген. «Жерленушінің бел тұсынан табылған саз балшықтан жасалған мөр ғалымдарды қызықтыруда. Мұндай мөр тек Үйсіндерде ғана болғандығы шығыс деректерінде баяндалған» (Максимова, Алматы. 1975 ж.).

Бұл деректі белгілі шығыстанушы-аудармашы Бичурин да қуаттайды.

«Үйсін патшасы Гунмоға, жоғары лауазымды тұлғаларға маңыздығын білдіру үшін алтын мөрлер берілген» (Бичурин, Алматы. 1997 ж. 109 б.).

Ханзаданың оң қолындағы алтын жүзіктің мөр екенінде талас жоқ.

«Жүзік-мөр, онда тоғыз шашақты бас киімі бар әлде шаш қою үлгісі сондай адам басы бейнеленген» (Ақышев, Алматы. 1978 ж. 40 б.).

Мұндағы «бас киім» де, «шаш қою үлгісі» де емес, осы ханзаданың жеке басының бейнесі болуы да мүмкін. «Гунмо (қытайша) күнби – ежелгі үйсіндердің б.з.б. ІІ-І ғ.ғ. бастап жоғарғы билеушісінің лауазымы» (Қазақ қысқаша тарихы, Үрімжі. 1987 ж.).

Күнби – күн астындағы би немесе билік жүргізуші деген мағынада. Күн астындағы Күнекей қыз деген аңыз әңгімелер халық есінде болар. Ал мөрдегі күн бейнесінің шапағын бас киімнің орнына өрнектеп көрсетілуі оның күнби Елжаудың тақ мұрагерінің тегін анықтайтын айрықша белгі, сондықтан оның басындағы бас киімі емес, күн шапағы бейнеленген.

Ал мүрдеден табылған күміс тостағанның түбіне жазылған ескі руналық жазулардың аудармасы не дейді:

Күміс тостағанның түбіне металл үш қырлы кішкентай қанжар (стилет) арқылы салынған жиырма алты әліпбилік белгілердің оқылу тарихын еске алсақ. «Есік хаты» деген атауды алғаш ғылымға Олжас Сүлейменов енгізді, сондықтан ертетүрік руналық әліпбиі негізінде шифрды шығарып оқудың алғашқы жобасы оған тиесілі. Ол ұсынған жазудың оқылуы былай еді:

«Ханның ұлы жиырма үшінде (өлді), Халықтың аты мен даңқы өшті». (Ақышевтың еңбектерінен, Мәдени мұра журналы №3, 2013 жыл).

Жалпы Елжау бидің орталығы екі қала болғаны белгілі, соның бірі Ыстық көлдің оңтүстік жағалауында орналасқан. «Үйсіндер Ыстық көлдің оңтүстік жағалауындағы өңірді қамтиды. Ол жерде Елжау бидің Іледен кейінгі екінші ордасы болды, оның астанасы Чи – Гу қаласы еді» (Қазақтың көне тарихы, Алматы. 1993 ж. 67 б.).

Сол Ыстық көлдің аузында ертедегі Барсқауын қаласы болғаны араб географтары Ибн Хордадбек пен Ибн Жапардың жазба деректерінен мәлім. Осы Барсқауын қаласынан 1970 ж. қырғыз археологы Б.Мокрынин бірнеше жүз күмістен, қоладан жасалынған әшекей зергерлік бұйымдар табады.

«Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында Барс-қауын қаласынан табылған жүз шақты заттардан тұратын бұл олжаның стилі, бейнесі және жасалу техникасы Есіктен табылған әшекейлерді қайталайды» (Ақышев, Алматы. 1979 ж. 6 б.).

«Ғұндар мен Үйсіндердің алтын-күміс, қоладан жасаған көп бұйымдар табылатын жері — Жетісу, Алматы қаласының төңірегі» (Марғұлан, Алматы 1997 ж. 176 б.).

«Ежелгі үйсіндердің нағыз зергерлік бұйымы ретінде «Қарғалы» диадемасы танылған» (Ақышев, Алматы, 1979 ж. 2 б.). Қарғалы диадемасы толық алтын бұйымдарынан тұрады, үйсіндерге тиесілі, б.з.б. ІІ ғасырларға жатады» (Байпақов, Алматы. 2006 ж. 168 б.).

 

Қарқаралыдан табылған әйел сәукелесі

 

Енді осы Қарқаралыдағы табылған әйел сәукелесінің (диадема) сюжетіне қараңыз:

Бірінші: қолында қамшы ұстаған бозбала белгісіз қанатты құбыжық жануардың үстінде төңірегіне мереке басталғанын хабарлап шауып келеді.

Екінші: тақ үстінде тұрған қанатты жылқы. Жылқы болса да оны піріндей сыйлап, оған көрсеткен ерекше құрмет.

Үшінші: жылқы үстіндегі салт жігіт айналасына қолын сермеп хабарлар жеткізуде.

Төртінші: ат үстіндегі той бастар жігіт аузында қамыстан жасалған сыбызғы-сырнайы, қолдарымен би өрнектерін көрсетіп билеп келеді. Жоғарыда ұшып жүрген құстар жердегі мәз-мейрам болған хайуандар кейпіндегі қуаныштарға қарағанда, наурыз — мұнда табиғат мерекесінің бір сәті бейнеленген.

Осыларды сараптай келе айтарымыз: Есіктегі, сонау Ыстық көлдегі, Қарқаралыдан табылған зергер бұйымдар жасаудағы қолөнер шеберлерінің кәсіби деңгейі, ондағы сюжеттегі сомдаудың үйлесімділік, техникалық амалдары өте ұқсас. Сонымен, Жетісу алқабын тұтас жайлаған үйсіндердің ұлан байтақ өңірінде кен өндіру, металл өңдеу, одан жоғарыда айтылған небір көркем әсем әшекей жәдігерлер жасау, байлығы шалқыған, өркениеті дамыған үйсіндердің алтын ғасыры б.з. бұрынғы ІІ ғасырына келіп тіреледі. Олай болса, тұла бойы тұтас алтынмен апталып, сән-салтанатпен жерленген, бүгінге дейін айтылып келе жатқан б.д.б. V-III ғасырдағы сақ ханзадасы емес, сол дәуірдің ІІ ғасырындағы сақтардың ұлыстарға ыдыраған шағында қазақтың тұңғыш дербес мемлекетінің іргесін қалаған үйсіннің ұлы тұлғасы Елжау бидің 22-23 жасында дүниеден өткен баласы, тақ мұрагері, қазақ-үйсін ханзадасы демекпіз. Алтынға оранған адам төңірегіндегі ақиқат пен шындық осы. Барымызды болдыра алмай, тура тартпай, бұра тартып жүрген өзіміз.

 

Қалмақан Шекеев,

тарих зерттеушісі

www.qazaquni.kz

26 ПІКІРЛЕР

  1. Ғұндардың 2-ші қағаны Қара Ыссық қағанның мекенінен табылған алтын көмбе, ол араны 18 ғ. ортасына дейін ысық деген тайпа жайлаған. Жоңғар хандығы құрылған кезде Енесей бойынан қашып келген қырғыздар Ыссық көл маңайын жайлаған қалың ысық, таз руларды бостырып. жіберді. Қырғыздан алтын адамды қызғанған кеңестік надандар Ысық адамын – Есік адамы деп өздерінше өзгертіп алды. Ысық – қазақтың өз руы, батыста тұрады, кіші жүз тайпасы . Ешқандай үйсін емес. Тарихқа қатысты бірдеңе болса үйсін, қаңылы деп шыға келу бұлардың үйреншікті ауруы.

  2. Ей қазақтар сонша ұсақталмаңдаршы .Егер ол үйсін болса не болыпты? ол бәрбір қазақтың негізгі атасы ұлы жүздің рулары ғой рушылдық міне -осы үш жүз бір-біріне қимай жүргенде саққа айналып кеткенин білмей де қалдық енді дауласып отырмыз .Менімше тариха терең үңіліп.зертеу керек .Мен мына болжамды тіптен жоққа шығара алмаймын шындыққа жанасады бірақ тарих алдында,құдай алдында арымыз таза болу үшін ары қарай тереңірек зертесе нұр үстіне нұр болар еді құрметті үш жүздің баласы қазақ атты ағайын

  3. Қазақтың рушылдығы осыдан білінеді. Автордың дәлелі орынды. Себебі Жетісу өңірінде ол кезде Үйсіндер мемлекеті болған. Ал сақтар ол кезде бұл өңірде болмаған. Алтын адамды сақ жауынгері деп жүргендер, сол рушылдықтан туындаған шешім.

  4. Оте кызык макала. Бірак барібір толыкештене жок. Муны тапкандардын озі артык айтпайтын купиялар коп бізде.ойткені бізде табылган алтын адамнын бір де біреуі еркек емес, айел адамдар. Ягни ханзада так мурагері емес. Оны жариялап алып артынан айелдікі екенін білгенде тілдерін тістеген тарихшылар енді кайттык деп жогарыга карайды. Ол кісі ак десе ак кок десе кок сонымен барі осылай кетипті. Оны атагы дардай бір тарихшы міне осындай киянатка коз жумып ел алдында аузымыз кисаймай сойлеп журмиз деп ози айтты маган. Осыдан кейін зерттеулерінізге тагы бір уніліп корінші. Мумкін біраз нарсеге септігі тиер шатаспассыз.

  5. Коздеринди ашып карасандар кезинде жан жакты келтирилген далелге.ол ресейдин политикасы еди сак десе онша ештене жок ал уйсйн десе ол кули улы жуз атасы боп шыгады содон сактарга итере салды Шынгыс ханды монголга жазганлай.

  6. Соны да білмейсіңдер ме? Ошақты ғой. Менің арғы атам. Немесе меркіт- шапырашты. Онда ЕБ ның атасы. Әйтеуір найман емес.

    • Ел басқарған адамның ыңғайына қарай ауысып отырады,жер сияқты айналып,жарамсақтар жеткілікті.сонымен тағы кімге шаптар екен.

    • Неге соншама найман найман деп коймайсындар осы а
      Барлығы да қазақ
      Найман руы ең беделді ең бай рудың бірі емеспе а!
      Найман болған адамдар кінәлі емес !Найманнан таралғанына!
      Соны ұғып жүріңіз Артық кетсем кешірерсіз!
      Өзіңненде бар емеспе !

  7. Сиз касиби маман емессиз, ягни археолог.. Макаланызда Есик Алтын адамын УЙСИН тайпасына жаткызып отырсыз. Тунгыш археологтардын бири Кемал Акышевтын гылыми тужырымдары бойынша жане де жургизилген сараптамалар бойынша табылган мурде сак дауирине жатады, ягни б.з.д. 5-6 гасыр. Ал уйсиндер тарихи сахнага б.з.д.3 гасырда келди (Казахстан археологиясы, Таймагамбетов, Байпаков). Менин ойым, автор «Алтын адам» тарихын бурмалап улы жузге алып келуи! Телегим, нагыз мамандар кобейе берсин,сол кезде гана шындыкты бурмалауга жол берилмейди.

  8. Алтын адам деп жүргеніміз кім? деген мақаласының авторы кәсіби археолог емес, алтын адамды үйсін деп атай алмайды. Оның жазғаны талбаса деп ойлаймын.

  9. не жазарымды білмей отырмын, өйткені орысша оқыған мен сияқты жаны қазақ, өзі қазақ, бірақ білімі орыс жанға қиын болып тұр. тек қана айтарым тарихта аты аңызға айналған тұлғаларды өңін айналдырып бір руға телуді қою керек. алтын адам қазақтың ұлы болып насихатталуы керек.

  10. Хұндардың билеушісі Мөде қаған үйсіндерді өзіне бағынышты бөлек мемлекет қылып ұстаған. Бұл б.з.д. 2-1 ғғ. Үйсін мемлекетінің өркендеуі сол замандарда болған. Олардың хұндардан қандай да болса айырмашылығы болғанын жерлеу рәсімдері көрсетіп тұр. Ал, ғұндардың(хұндардың) соңғы билеушісі ЧЖУ қағанның Талас өңіріндегі патшалығын қытаймен қоса үйсін әскері бірлесіп құлатқан. Бұған не айтуға болады. Тарихта не болмаған. Сол қырғыннан құтылып Еділ-Жайық өңіріне барғандардан араға 2-3 ғасыр салып атақты Елділ қаған шыққан…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз