Азат ПЕРУАШЕВ: Талай үкіметті көрдік, бірақ, бұл үкімет ең әлсізі болуда…

4
1082

  Тіпті, қатты сыналған  нашар жұмысы үшін ұялғаннан  орнынан кететін бір де-бір министр  табылмады?..

 

Президент жанындағы  Орталық Коммуникациялар Қызметі брифингіндегі сөзі

 

 

Құрметті әріптестер!

«Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Парламенттік мінбені пайдалана отырып, Үкіметтің және нақты министрліктердін әрекеттерін тұрақты және дәлелді сынап жүргені белгілі.

Бұл жағынан алғанда Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 11 –ші қазанында ешкімнің бет-жүзіне қарамай, жол беруге болмайтын кемшіліктерді атап көрсетіп, үкіметтің жұмысына берген өткір бағалары біз үшін тосын болған жоқ. Керісінше: «Ақ жол» Демократиялық партиясы бұл сынды қолдайды, мемлекеттік органдар үшін көптеген жағымсыз деректердің бетін ашып, Президент мемлекеттік билік жүйесінде, Ата заңымызда  бекітілгендей, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін нақты қамтамасыз ететінін және өзінің қарапайым адамдардың жағында екенін тағы да бір көрсетті деп есептейді.

Шын мәнінде, Президент үкіметке қатардағы азаматтардың және қатардағы кәсіпкерлердің не деп жүргендерін айтып берді, олар күнделікті өмірде осы проблемалардың барлығына тап болып жүр.

Мен бұл әңгіменің біз үшін неге тосын болмағанына нақты мысалдар келтіремін.

1) Мәселен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіндегі сорақы жағдайлар туралы «Ақ жол» ҚДП фракциясы үкіметке және бас прокуратураға а.ж. 13 ақпанында және 19 маусымында ресми депутаттық сауалдармен екі мәрте шықты.

Көптеген БАҚ-дары бұл пікірталасты  жариялады, маған Банк басшылығына кінә қоюға қатысты әртүрлі басылымдарға  бірнеше рет түсініктемелер беруіме тура келді.

Оның үстіне, ҚР өңірлік даму министрлігінен министрдің міндетін атқарушы Нокиннің атынан біз, «Ақ жолдың» депутаттарымен айтылған деректер дәлелденбеді, банк басшылығы және олардың туыстары «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерді заңды түрде алған және бәрі керемет» делінген жауап алдық.

Егер осы мәліметтер Елбасына дейін жетпегенде, онда ешкімде осындай теріс пайдаланушылықтың заңсыздығын және  моральдық жағынан жол беруге болмайтынын дәлелдей алмас еді, себебі бір шенеунік басқаларын жасыратын жең ұшынан жалғасушылық қағидасы іске қосылды.

 

2) Облыстық әкімдіктердің жанындағы өңірлік кеңестерде мақұлданып қойған жобалардың өзі уәде етілген мемлекеттік қолдауды ала алмайтын жағдайға жеткен «Бизнестің жол  картасы – 2020» бойынша жобаларды қаржыландырудың кемшіліктері туралы ресми депутаттық сауал «Ақ жол» партиясының фракциясымен а.ж. 1 қазанында жарияланды.

Өзіміздің сауалда,  тіпті бағдарламаға бөлінген қаражат болмағанның өзінде, кәсіпкерлікті қолдаудың басқа мемлекеттік бағдарламаларының барлығына тексеріс жүргізу және олардың ішіндегі ең табысты және сұраныстағысына қаражатты қайта бөлу қажет, Бизнестің жол картасы-2020 осындай бағдарлама болып табылатынын көрсеткенбіз.

 

3) Осы сауалда «Ақ жол» ҚДП фракциясы, қажетті қаражатты табу үшін, қаптап кеткен жобаларды қаржыландыруды қысқартуды ұсынған. Онда, жұмысқа қосылғанына үш жыл өткенен кейін де жеңіл самолеттерді шығаруды бастамаған Қарағандыдағы «ҚазАвиаСпектр» зауыты жөніндегі жағдай тікелей көрсетілген. Сән-салтанатты таныстырылымнан кейінгі бұл әрекетсіздік, қазірдің өзінде өнім шығарып, бірақ уәделі қаржыландыруды ала алмай отырған көптеген басқа кәсіпорындарда түсінбестік тудырды.

Біз тұрып қалған жобаларды қаржыландыруды қысқартып, босаған қаражаттарды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қарай бұруды ұсынғамыз.

 

4) Кедендік одақтағы отандық келіссөз жүргізушілердің деңгейіне қатысты проблемаға келсек, Елбасының қатысуымен өткен үкіметтің қатты сыналған отырысының алдында ғана, 9 қазанда, «Ақ жол» ҚДП фракциясы қазақстандық шенеуніктердің Кедендік одақтың келіссөздер процесіне  енжарлықпен және шоғырланбай қатысуы қазақстандық бизнестің және ұлттық экономика мүдделеріне нұқсан келтіретіндігі жөнінде депутаттық сауалмен шыққан.

 

5) «Ақ жолдың» депутаттары Президентпен көрсетілген бюджеттік жобалардың қымбатқа түсуі проблемасы бойынша Бюджеттік кодекске түзетуді талқылау барысында сын айтқан.

 

Үкімет кейінге қалдырылатын шарттарымен бюджеттік инвестициялар туралы нормалардың жаңа редакциясын енгізеді.   Ол бойынша, егерде алдын ала тапсырыс берілген соманың асып кеткені анықталатын болса,  бюджетті өсіру жолымен өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Егер жобаның құны қарастырылғаннан аз болған жағдайда, онда өкілетті орган «қалдықтарды» өз қалауынша қайта бөлу құқығына ие болады. Мұндай тәсілдеме жобалардың құнын жасанды көтеру бойынша, «артылған қаражат» деп аталатынды басқа мақсатқа одан әрі қайта бөлу үшін бақыланбайтын мүмкіндіктер жасайды.

«Ақ жол» партиясы бюджет қаражатының осыншама еркін және бақылаусыз жұмсалуына түбегейлі қарсы болған және қарсы болады.

 

Парламентте «Ақ жол» фракциясымен және басқа фракциялармен көтерілген мәселелер, 11 қазанда Президент айтқан бағалармен және принципті көзқарастармен үндес келетіндігіне басқа да мысалдар бар.

 

Бірақ, мен бұл деректерге сіздердің назарларыңызды аударып қана қойғым келмейді, сонымен қатар осы мәселелердің қалай түзетіліп жатқаны туралы және жалпы түзетіліп жатыр ма, соны айтқым келеді.

 

Қазіргі заңшығарушы және атқарушы билік тармақтарының арасындағы өкілеттілік үйлесімсіздігі жағдайында, үкіметтің депутаттардың  өте алаңдататындай дабылдарына үйреншікті сырғытпа жауаптар беретіндіктеріне біз тіпті таң қалмаймыз.  Біздің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі туралы екі сауалымыз бойынша, барлық органдардан –мазасызданатын түкте жоқ, «Бағдатта тыныштық орнады» дегендей жайбарақат жауаптары туралы мысалдарды келтіріп кеттім.

 

Бірақ, бізді аса таңқалдырғаны, Елбасының тапсырмасына да біз, мүмкін сыртқы көрінісімен айырмашылығы бар шығар, бірақ мағынасы бойынша барлығы сол баяғы: кінәлілер бар шығар, болса да тек мен емес, басқа біреу деген секілді жігерсіз және оқшаулануға жақын әрекеттерді байқаймыз.

Қараңыздаршы, Премьер-министр екі вице-министрді қызметтен кетірді, вице-премьер облыстық әкімдік қызметкерлерін жұмыстан шығаруды талап етті; Индустрия министрлігі бағдарламалардың сәтсіздігіне кәсіпкерлердің өздерін кінәлайды, ал ТМРА (АРЕМ) бүкіл кінәні жергілікті департаменттерге аударып жатыр, ертең басқа министрлер де өңірдегі қол астындағыларды қызметтен ала бастайды…

 

Қарапайым адамдар мұндай әрекеттерді «айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» деп бағалап жатады. Өйткені, жергілікті әкімдіктер кәсіпорындармен тікелей жұмыс істей отырып, салалық министрліктердің назарын қаржыландыру проблемаларына аударды, дәл осы кәсіпкерлер  үкіметтен мақұлданған жобаларды қаржыландыруды талап етті. Ал енді, бұл жай ғана олармен есеп айырысып жатқан сияқты әсер қалдырады.

Анекдотта айтылғандай, «Пілдерді таратып беру – бұл кінәсіздерді жазалау және іске қатысы жоқтарды марапаттау» сәті туды.

Президент осыны талап етіп пе еді?

 

Өз ведомствосының жұмысының сәтсіздікке ұшырағаны үшін жеке-дара жауапкершілігін өз мойнына алатын бірде-бір министр неге табылмады? Осыншама қатты бетке айтылған сыннан кейін жоғары қызметтегі шенеуніктердің бір де бірі, ұялғаннан неге қызметтен кетпеді? Мысалы, Нокин мырза бізге Тұрғын үй жинақ банкіндегі ахуалды «жақсы»  деген сияқты жалған жауап берді және депутаттардың сынына құлақ асудың орнына, іс жүзінде бұл бассыздықты жасырды.

Ел үшін, экономика үшін – кезекті бастықтың аты-жөнінің кім екендігінен келіп-кетер ештеңе жоқ. Маңыздысы, шенеуніктің лауазымдық міндеттерін және Президенттің нақты тапсырмаларын айқын және нақты орындауы керек. Нұрсұлтан Әбішұлының 11 қазанда айтқан кейбір тапсырмаларын  еске саламын:

 

1)  Мәселен, кәсіпкерлікті қорғауды бағалай келе, Елбасы келесіні айтты (цитат келтіремін): «Тексерулерді оңтайландыруды қарастыратын тәуекелдерді басқару жүйесі, мемлекеттік органдардың әрқайсысының өз қалауынша құрылған. Олар бірыңғай әдістемеліктерсіз жұмыс істейді». Осыған байланысты не істеу керек? Тез арада қалыптасқан тәртіпті қайта қарау және тәуекелдерді бағалауды бірыңғайландыру керек, сонысымен олар адал бизнес үшін шарттарды жеңілдетуі керек, керісінше емес.

 

Нақты мысал келтіремін:  Мәжілісте қазір «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасымен жұмыс аяқталып келеді, екінші оқылым 20 қарашаға жоспарланған. Осы заң жобасында Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен «тәуекелдерді бағалау жүйесі» заңдастырылады, оған сәйкес бақылаушы органдардың тексеруінен құтылуды қалайтын Өртке қарсы комитет сияқты кәсіпорындар, ТЖМ-де аккредиттелген «тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды» жүргізетін әлдебір жеке ұйыммен коммерциялық шарт жасауы қажет.

Бұл – тікелей заңнамамен, Президент жарлықтарын қоса алғанда, рұқсат етілмеген, мемлекеттік бақылау қызметін коммерцияландырудың нағыз өзі.

Негізінде, тәуекелдерді бағалау жүйесі, Президент әділ атап өткендей, оңтайландыру, тексерулерді қысқарту үшін енгізілген. Ал, ТЖМ кәсіпорындарды оларды тағы да тексермес үшін төлеуге мәжбүрлей отырып, бұдан сауын сиырды қалай жасауды ойлап тапты.

Мұндай «жаңашыл идеялар» осы заңда жетіп артылады.

 

Министр Божко біздің сынымыздан кейін баспасөзде, «Ақ жолдың» ұсыныстары  азаматтық қорғаудың қолданыстағы жүйесіне қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Мен бірден оның өзін тікелей эфирде біздің заңға деген талап-тілектерімізді талқылауға шақырдым, алайда ол үнсіз қалды. Ал, бізге миллиондаған халқы бар қаланы жер сілкінісі дүр сілкіндіріп, мегаполис әуре-сарсаңға түскенде, министр бұл туралы оны оятқан вице-премьерден біліп жататын мұндай жүйенің керегі жоқ.

 

Көлемі 107 парақтан тұратын құжатқа депутаттар 1500 артық түзетулер енгізді, әр параққа 14 түзетуден  – оқушыларға осындай мөлшердегі қателері үшін сұрамай-ақ екі қояды, ал біз бұл заңды сыбайлас жемқорлықты тудыратын талаптарымен қабылдағалы және  орындағалы тұрмыз.

Егер үкімет Президентті тыңдаса – онда осы заң жобасын бір ғана тәуекелдерді бағалаумен  байланысты айлалы әрекеттері үшін тез арада кері шақыруға міндетті.

 

2) Мемлекет басшысы сондай-ақ: «Қаржылық жүйе елімізді индустрияландыруды әлі де жеткілікті деңгейде қолдамай отыр» деп атап өтті.

Нақты секторды қолдау Президенттің әрдайым жіті назарында болып келе жатқанын еске салуды қажет деп есептеймін. Мысалы, ҚР Парламентінің алдыңғы сессиясын ашарда өткен жылы қыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев Үкіметке өңдеу өнеркәсібін, аграрлық кешенді және бәсекеге қабілеттілігі әлсіз салаларды қолдаудың барлық жүйесін қайта қарауды тапсырды.

Онда «Әлемнің барлық елдері өзінің өндірушілерін қолдайды. Бұл тәжрибе біз үшін маңызды» деп атап көрсеткен Елбасы Үкіметке әлемдік практиканы талдауды және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын жасауды тапсырған.

 

Оның үстіне, сол жылдың желтоқсанында «2050 жылға дейінгі Қазақстан дамуының Стратегиясында» Мемлекет басшысы Үкіметке өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы кәсіпорындар үшін қолайлы салықтық режім енгізу жөнінде міндет қойған болатын.

 

Мұның орнына, үкімет тікелей қарама-қайшы әрекетке барады: орта тапқа салықтарды өсіру және бизнеске салықтык әкімшілдікті қатайтуға бағытталған жанжал туғызған заң жобасын енгізеді.

Салыстыру үшін айтайын, «Ақ жол» ҚДП фракциясы, Мемлекет басшысы тапсырғандай, өткен жылдың қазан айында еуропалық елдердің және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің елшіліктеріне өз өндірушілерін қолдау бойынша халықаралық тәжрибені ұсыну туралы өтінішпен шықтық. Біз ондаған елшіліктер мен халықаралық ұйымдардан түскен ақпараттарды талдадық және экономиканың басым салалары үшін ҚҚС салалық мөлшерлемелері түріндегі ең тиімді және кең қолданылатын инструментті анықтадық. Оны қолдану туралы ресми сауалды «Ақ жол» депутаттары үкіметке ағымдағы жылдың 11-ші қыркүйегінде жіберген болатын.

 

Алайда алынған жауап не «бар», не «жоқ» демейтіндей екіұшты болып шықты. Отандық индустрияны қолдау туралы мәселені қайтадан қойғанымызға бір ай өткеніне қарамастан, бұл тақырыпқа үкіметтің қайырылатын түрі жоқ.

 

Есесіне өзінің өндірушілерін қолдаудың орнына үкімет бәрін керісінше істеп отыр: отандық тауарөндірушілер үшін бұрынғы артықшылықтардың бәрін жойған және онымен бір мезетте басқа елдердің өндірушілеріне қақпаны ашып қоятын «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын енгізді.

Және бұл шешімдердің орны басқа ешқандай іс-шаралармен толтырылатын емес.

 

Ал президент, еске саламын: «Барлық елдер өз өндірушісін қолдайды» деді. Сонда бізден басқасының барлығы болып тұр ғой.

3) 11 қазанда өткен үкімет отырысында Мемлекет басшысы квазимемлекеттік сектордың тежеусіз өсуіне және «2050-Стратегиясындағы кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқынын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шешудің орнына, үкіметтің мемлекеттің қатысуымен 6 мыңнан астам  компаниялардың небәрі 4 пайызын ғана оған қатысу үшін ұсынғанына ренішін білдірді.

 

Салыстыру үшін тағы да «Ақ жол» ҚДП фракциясының үстіміздегі жылдың 16 қаңтарындағы (2050 Стратегиясының жарияланғаннан кейін тура бір айдан соң) президент берген тапсырмаларды нақты салаларда және экономика инфраструктурасында, мәселен, сумен жабдықтауда, мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жаңа форматтары арқылы іске асырудың қажеттілігі туралы депутаттық сауалды келтіре аламын. Тағы бір айдан кейін біз ҮИИДБ-сын (ПФИИР) нақты секторда іске асыру және әкімшілік кедергілерді жою үшін МЖС (ГЧП) қағидаларын кеңейту туралы ұсыныстармен шықтық.

 

Бүгін 2050 Стратегиясының жарияланғанына бір жыл және квази-мемлекеттік секторында жаппай жекешелендіру және МЖС дамыту мәселелерінде үкіметті оралымсыздығы үшін президенттің сынынан кейін бір ай өтті.

Міне тағы да – ешқандай да айқын нәтижелер немесе жүйелік ұсыныстар жоқ.

 

4) Кедендік одақ елдерімен саудаға қатысты Президент – «қай мәселеде ұтып, қай мәселеде ұтыламыз, не істеу керектігіне  прагматикалық экономикалық есептер, талдау жүргізуді»  тапсырды.

 

Үкімет тарапынан мұндай есептер туралы әзірше анық ештеңе жоқ. Алайда, «Ақ жолдың» сарапшыларымен а.ж. маусымында-ақ талдау жүргізілген болатын, онда: Қазақстан жылдан жылға КО-тың басқа елдерімен салыстырғанда сауданың теріс сальдосын  алуды жалғастырып келгенін көрсетеді:  2011 жылға ол 8,8 млрд.долларға, ал 2012 жылға  – қазірдің өзінде 10,9 млрд. долларға өскен. Сонымен қатар, «алшақтық» беталыс ұлғайып барады, онсыз да артта қалып отырған қазақстандық экспорттың жалпы  сомасы төмендеп келеді, ал импорттың басымдық сомасы өсуін жалғастыруда.  Сараптама жасау үшін таңдалып алынған ірі позициялардың әрқайсысы жылына1 50 млн. доллардан астам көлеміндегі өзара саудадан,  Қазақстан 92-ден тек 17 позиция бойынша ғана тұрақты оң сальдосы бар. Яғни, осы тізімдегі өнімдердің түрлерінің қалған 82 % бойынша біздің экономика, тіпті Кедендік одақтың шеңберінің өзінде импортқа тәуелді болып табылады.

 

2012 жыл ішінде мұндай беталыстарды нан, нан-тоқаш кондитерлік өнімдер (импорттың 76 %-ға өсуінің кезінде экспортты 9 %-ға төмендету); химиялық және минералды тыңайтқыштар (29 %-ға импорттың өсуінің аясында 100 %-ға экспортты толық қысқарту); трубалар қара металлдан өзгелер (іс жүзінде экспорттың құлдырауы 100 %-ға, импорттың артуы 5 есе); қара металлдан металконструкциялар(эксперттың төмендеуі 25 %-ға, импорттың өсуі 54 %);  вагондар (импорт 35 %-ға өскенде экспорт 6 есеге төмендеген); темір жолдың жол жабдықтары (импорт 2,2 есеге өскенде, экспорт 100 %-ға толық қысқартылған); 10 және одан көп адамға арналған көлік құралдары (экспорт 7,2 есеге қысқарған, импорт 14%-ға өскен); жеңіл

автокөліктер (экспорт 103 есеге құлдыраған, импорт 3 есеге артқан); арнаулы мақсаттағы транспорт құралдары (экспорт 3,3 есеге төмендеген, импорт 24 %-ға көтерілген); және тағы басқалар бойынша көруге болады.

 

Бұл беталыстың сипаты айдан анық. Не істеу керектігін отандық бизнес және біздің фракция да әрдайым айтып келеді. Бірақ бізді еститін құлақ жоқ.

Бұл тізімді әлі де ұзақ жалғастыра беруге болады.

 

Бірақ мен айтылғаннан туындайтын екі принципті мәселеге баспасөздің назар аударғанын қалар едім.

 

Біріншіден: 11 қазандағы Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмалар, сын және нұсқамалар – үкімет мүшелерінің алдын ала білуі мүмкін болмаған, қандай да бір аяқ астынан болған дүние емес.

Бұл Президентпен егемендіктің барлық жылдарында дәйекті және  жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан стратегиялық желі, ол өзіне әлеуметтік-экономикалық үздіксіз өрлеудің міндеттерін, сондай-ақ кәсіби және жауапты үкіметті қалыптастырудың міндеттерін де қосады.

Бұл міндеттер ұзақ мерзімді, бірақ оларға атқарушы режімде  бара-бар баға беру үшін үкімет мүшелеріне кезекті қатты сөгулерді күтудің қажеті жоқ, тек қана 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын мұқият зерттеуі, және оларды өздерінің төл міндеттері сияқты қабылдауы керек. Өйткені елдің және қоғамның дамуымен – үкіметте өсуі тиіс.

  1. 1.        Бұл астық, күкірт, кварц, кен және темір қоспалары, марганец,, мыс,  мырыш, хром, көмір, газ, қышқыл және алюминий қшқылы, радиоактивті элементтер және изотоптар, жайдақ темірден және болаттан прокаты, мыс, жезді лом, подшипниктер

 

Мен саясатта бұрыннан келемін, 20 жылдай болып қалды, осы уақыт ішінде біз әртүрлі үкіметті көрдік. Бірақ, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмаларын орындау бойынша қазіргі үкіметтің құрамы ең әлсізі болып отыр. Бұл менің жеке, сондай-ақ,  жалпы «Ақ жол» фракциясының пікірі.  

Екіншіден – мен келтірген бірқатар нақты мысалдар, өзгеріп тұратын жағдайларда үкіметтік құрылымдарға қарағанда, парламенттік фракциялар тарапынан әлдеқайда жеделдікпен әрекеттер жасалатынын айқын көрсетеді.

Бұл парламенттік бақылау және президент әкімшілігі мен үкіметтің парламенттік фракциялармен өзара әрекеттесуі шараларының қажеттілігін тағы да айғақтай түседі. Оның үстіне мұны биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының арасындағы теңгерімін көп партиялы парламенттің өкілеттігін күшейту жағына қарай теңестірудің пісіп-жетілген қажеттілігі туралы мемлекетке және қоғамға берілген дабыл деп түсіну керек.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

www.qazaquni.kz

06.11. 2013 жыл

 

 

 

 

4 ПІКІРЛЕР

  1. Ақжолдың ұстанымы толық айтылды, Азекеңнің сөздерінен біраздан бері көкейдегі дүниелер ақтарылды. Салмақты ойлар, жүйрік дәлелдер, ұшқыр мысалдардардан артық не керек? Айтылмаса сөздің атасы өледі, айтатын мінберде айтылу керек, орындалу керек. Әйтпесе Үкімет шынымен де қайда қарады? осы уақытқа дейін…

  2. Бізде барлық билік «нұр отанда». Нұр отан чу десе аяқтары тәлтіректеп биліктен өзі шығады немесе қуып жібереді. Үкіметтің ең сорақысы бізде деп ойлаймын.

  3. Азат ПЕРУАШЕВ: Талай үкіметті көрдік, бірақ, бұл үкімет ең әлсізі болуда… Өз ведомствосының жұмысының сәтсіздікке ұшырағаны үшін жеке-дара жауапкершілігін өз мойнына алатын бірде-бір министр неге табылмады? Осыншама қатты бетке айтылған сыннан кейін жоғары қызметтегі шенеуніктердің бір де бірі, ұялғаннан неге қызметтен кетпеді?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз