Вице-министр өзінің отставкаға кеткенін білмейді

f1ba9153cf0efc733e5c56c6560d33bd_400_400Білім және ғылым министрінің орынбасары Мұрат Әбеновтің отставкасы өзіне де тосынсый болған сыңайлы. Осыған дейін Білім және ғылым вице-министрлерінің жұмыстан өз еркімен кету жөніндегі арыздары Үкіметтің қарауына енгізілгенін хабарланды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін жураналистерге сұхбат берген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов те мәлім етті. Ол: "Бүгінде вице-министрлер жұмыстан өз еркімен кету жөніндегі арыздарын жазып тапсырды. Осыған орай біз тиісті құжаттарды енгіздік. Енді оны Үкімет шешетін болады. Қазіргі кезде министрліктің алдында маңызды міндеттер тұр. Соның барлығын іске асыру үшін тыным таппай жұмыс істеу керек. Сондықтан біз жұмыс істемейтін адамдармен қош айтысатын боламыз. Ол мәселе министрлікке де, жоғары оқу орындарына да, жалпы барлық білім беру мекемелеріне қатысты", - деген еді. Ал бүгін біз Facebook.com әлеуметтік желісіндегі шенеуніктің парақшасына кіріп, қызықты ақпаратты көзіміз шалды. Мұрат Әбенов өзінің кезекті демалысына кететінін айтып, жазып қалдырған. Ол: "Көңіл күй керемет! Бүгін кешке "кезекті еңбек демалысқа" деп жолға шығамыз. Көптен бері отбасымызбен жоспарлаған едік, міне енді реті келді. Үйдегілер жаздан бері бірге демаламыз деп күтіп жұр. Ал мен "е-learning"-ті бір жағына шығарамын деп созып алдым! Кеше сол жоба бойынша шешім қабылдадық!", - деп жазады. Шенеунік сөзін "Сәт сапар тілеңіздер! Бірақ байланыста боламын! Тек Алматыда емес Төменарықтада ФБ-ға жететін интернет бар", - деп тәмамдайды. Алайда айта кету керек, ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазылушылардың қалдырылған жазбаларына жауап бермеуде.

Мұрат Әбеновпен отставкаға кеткен вице-министрдің бірі - Мұрат Орынханов.

nur.kz