Вице-министрлер отставкаға кетті

abenov Білім және ғылым вице-министрлерінің жұмыстан өз еркімен кету жөніндегі арыздары Үкіметтің қарауына енгізілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журанлистерге сұхбат берген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

"Бүгінде вице-министрлер жұмыстан өз еркімен кету жөніндегі арыздарын жазып тапсырды. Осыған орай біз тиісті құжаттарды енгіздік. Енді оны Үкімет шешетін болады. Қазіргі кезде министрліктің алдында маңызды міндеттер тұр. Соның барлығын іске асыру үшін тыным таппай жұмыс істеу керек. Сондықтан біз жұмыс істемейтін адамдармен қош айтысатын боламыз. Ол мәселе министрлікке де, жоғары оқу орындарына да, жалпы барлық білім беру мекемелеріне қатысты", - деді Аслан Сәрінжіпов.

Айта кетейік, бүгінде ҚР Білім және ғылым министрінің екі орынбасары бар. Олар - Мұрат Орынханов және Мұрат Әбенов.

nur.kz