Вице-министрлер отставкаға кетті

5
1193

Білім және ғылым вице-министрлерінің жұмыстан өз еркімен кету жөніндегі арыздары Үкіметтің қарауына енгізілді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журанлистерге сұхбат берген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Бүгінде вице-министрлер жұмыстан өз еркімен кету жөніндегі арыздарын жазып тапсырды. Осыған орай біз тиісті құжаттарды енгіздік. Енді оны Үкімет шешетін болады. Қазіргі кезде министрліктің алдында маңызды міндеттер тұр. Соның барлығын іске асыру үшін тыным таппай жұмыс істеу керек. Сондықтан біз жұмыс істемейтін адамдармен қош айтысатын боламыз. Ол мәселе министрлікке де, жоғары оқу орындарына да, жалпы барлық білім беру мекемелеріне қатысты», – деді Аслан Сәрінжіпов.

Айта кетейік, бүгінде ҚР Білім және ғылым министрінің екі орынбасары бар. Олар – Мұрат Орынханов және Мұрат Әбенов.

nur.kz

5 ПІКІРЛЕР

  1. Үкімет халықтың қамын ойлайтындарды қуып жатыр. Бұған бір себеп бар. Мысалы айтсақ 2016 жылы НАЗАРБАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН кетеді. Енді әр жағын ойлай беріңіздер. Халықты жақтағандар орнында отырмау керек. Себебі бұл АРАМ үкіметке Қарсы шығатын адам. МҰрат Әбеновтің кетуі жай нәрсе емес. Оны біреу алдын ала ойластырды.

  2. Бәрінен де мектеп оқушылар мен ЖОО студенттері үшін қиын болды. Әрбір министр ауысқан сайын жаңа бір өзгеріс, сол өзгеріске енді ғана құлақтары мен көздері үйреніп жатқанда міне тағы да бір реформа болғалы тұрған шығар…

  3. Мұрат Әбенов министрлікке келгенде қуанып едік.»Бір іскер, елге жаны ашитын азамат келді-ау» деп. Бірақ қуанышымыз ұзаққа бармады. Не болып жатыр өзі. Әр министр келгенде бәр репрессия болатын болғаны ма, сонда… Түсініксіз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз