Премьер-министр бюджеттік қаржыны игермеген вице-министрлерге сөгіс жариялады

1
870

 Бюджеттік қаржының игерілмеуіне жол берген бірқатар лауазымды тұлғаларға сөгіс жарияланды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бюджеттік қаржыны игермеу мәселесі өткен аптадағы отырыста талқыланды, ол бюджетті нақтылау бойынша шешім қабылданғанда қаперге алынды. Мен қаржының игерілмеуіне жол берген лауазымды тұлғаларды жазаға тарту бойынша бірінші басшыларға тапсырма берген едім. Мұндай ұсыныстар түсті. Сондықтан мен денсаулық сақтау вице-министрі Тәкежановқа, ауыл шаруашылығы вице-министрі Толыбаевқа, қаржы вице-министрі Теңгебаевқа сөгіс жариялаймын», – деді Премьер-министр.

Сонымен қатар, бірқатар комитеттердің төрағалары мен лауазымды тұлғалары жазаға тартылды.

«Павлодар және Жамбыл облыстарының әкімдеріне осы мәселеге жауапты орынбасарларына сөгіс жариялауды тапсырамын. Қабылданған шешім жөнінде бүгінгі күннің соңына дейін ақпарат беріңдер», – деп тапсырды С.Ахметов.

bnews.kz

1 Пікір

  1. Неге сөгіс жариялағандай халықты алдайды? СЕРІК АҒАМЫЗ біліп отырғой олардың ақшаны жеп қойғанын. ХАЛЫҚТЫ НЕГЕ АЛДАЙДЫ???????????????????????????????????????????????????????????????????????????

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз