3 млн бала аборттың құрбаны болмағанда, қазақ 20 миллионға жетер еді

3
2488

Қазақстанда 20 жылдың ішінде үш миллион бала тумай жатып, о дүниелік болып, аборттың құрбанына айналған. Үш миллион бала туылғанда қазақтың саны 20 миллионға жетер еді.

Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдың ішінде халқымыздың санының 20 миллионға жетуі, расында да, үлкен абырой болар еді. Мемлекеттің басты байлығы – адам екенін ескерсек, «қаншалықты бай екенімізді көбейгенімізге қарап бағамдаңдар» деп мақтанып-ақ отырар едік.

Өткен жылы Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Статистика комитеті өзбек халқының саны шамамен 30 миллион адамды құрағанын ресми түрде хабарлады. Салыстыра қарасақ, 1991 жылы өзбектердің саны 20 млн 708 мыңды құрап, 2013 жылы 30 миллионға жеткен. 22 жылда Өзбекстанның халқы 10 миллионға көбейген.

70-ші жылдары Өзбекстан мен Қазақстандағы халық саны тең болғанын ескерсек, қызғанышпен қарауға тұрарлықтай статистика. Алғаш Тәуелсіздік алған жылдары да халық саны жағынан қатарлас болсақ та, осы жылдар ішінде көбею жағынан артта қалғанымыз байқалады.

Расында да, 1991 жылдары санымыз­дың 16 миллионға жетеқабыл болғанын ес­керсек, осын­ша жылдың ішінде 1 мил­лион­­ның айна­ла­сында ғана көбеюіміз ұл­ты­­мызға сын се­кіл­ді.

Осы жағдайға алаң­даушылық білдірген қо­ғам қайраткері Ирак Елекеев Мәжіліс де­пу­таты болып тұр­ған кезінде «Жасанды түсік жа­сау­ға заң жү­­зінде тыйым салу керек!» деп мә­­лім­деген болатын.

«Менің ол мәлімдемем ұлт ертеңіне алаң­дау­дан туған еді. Статистикаға сенсек, жыл са­­йын елімізде 300 мыңға жуық жасанды тү­сік жа­салады екен. Бұл – 100 пайыз туу көр­сет­­кі­шінің 80 пайызы деген сөз. Қазір ұрпа­ғы­мыз­­дың ерте есейіп жатқанын байқаймыз. Бі­рақ со­ған сай олар­дың жыныстық сауат­ты­лығы бай­­қал­майды. Ал бір рет жасанды түсік жа­сатқан жас­өспірімнің ертеңгі күні ана болу мүм­­кін­дігі кемиді. Көбіне бірінші шаранасын ал­дыртып тастағандар кейін балалы бола ал­май­ды. Осылайша, елімізде бедеу ана­лар қа­та­рының артуына себеп болып отыр­мыз»,- дейді қоғам қайраткері И.Елекеев.

«Елімізде әйелдің өз еркімен түсік жа­са­туына еш кедергі жоқ. Ана құрсағын­дағы сә­биінен құтылғысы келсе, еш кедергісіз құ­тыла алады. Бірақ айықпас дерт жа­май­ды. Тіпті мерзімі үлкен шараналар ананың өміріне қа­уіп төндіруі мүмкін. Ананың бо­йында бай­қал­маған түрлі асқынулар, түрлі дерттер жасанды тү­сіктен соң өрши түсуі әбден мүмкін. Ең өкі­ніш­тісі, әйел содан соң бала сүю бақытынан айы­рылатын жағдай жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мә­ліметі бойынша, жыл сайын 80 миллионға жуық әйел жоспарсыз жүкті болады. Соның 20 миллионы жасанды тү­сік жасатады екен. Жа­санды түсіктің сал­да­рынан жыл сайын 68 мың әйел көз жұмған көрінеді. 2009 жылы әлемде 30 миллион жасанды түсік жасалса, со­­ның 300 мыңы Қазақстанға тиесілі екен»- дейді отбасын жоспарлау орталығының бас дәрігері Ажар Тілегенова.

Демек, алдағы уақытта ұлтымыз кө­­бейсін, демографиямыз жақсарсын десек жа­санды түсікке тыйым салумен қатар, әр отбасында кем дегенде үш баланың өмірге келуін ынталандыратын жұмыстар жүргізілуі керек. Әрине «адамның бір қызығы бала деген» халқымыз бала сүйгісі келмейді деп айту қиын.
БҰҰ-ның есебі бойынша да Қазақстан хал­қы қартайып бара жатқан елдердің қата­рына жатады екен… Дәл қазіргі таңда бас­қа­лар да елімізде көбею көрсеткішінің мәз еме­сін, халықтың басым бөлігінің жасы ұл­ғай­ғанын аңғарып отыр. Енді дамып келе жатқан еліміз үшін мақтанатындай нәрсе емес. Дамыған елдердің қатарына енгіміз кел­се, дәл қазір біз барлық жағынан алда болуымыз керек еді. Жеріміздің көлемі жөнінен де әлем бо­йын­ша тоғызыншы орында екенімізді ес­кер­сек, осынау ұлан байтақ өлкеге ие болатын ха­лық санын арттыру парыз. Демек, алдағы уа­қытта көбею басты мақсатымыз болуы ке­рек.

«Алаш айнасы»

3 ПІКІРЛЕР

  1. Аборт санасыздық пен сауатсыздықтың белгісі. Ұлт туралы айтпақ түгілі бес минуттан кейін не істерін білмейтін адамның ісі. Абортпен бүгінгі мәселеңді шешерсің, ертеңгі келешегіңе балта шабатын тірлік. Жат әдетті үйренуде үлкен қателігіміз қажетссіздігінде айыра алмаймыз. Тек жанның тыныштығын ойлау, қателік…

  2. қоғамдағы бой алдырып тұрған жамандықтардың ішіндегі ең жаманы да, қауіптісі де жасанды түсік жасау.Алла тағаланың берген сыйына шүкіршілік қылудың орнына қазақ қыздары тірі жан иесінің ғұмырына балта шауып өлтіріп жатыр-ол дегеніміз қылмыстың ішіндегі ең ауыры , сондықтан ондай жандарға кешірім болмау керек.олар ана деген қасиетті атаққа кір келтіруші тірі өліктер ғой.абортқа мүмкіндік беріп отырған заңды өзгерту қажет. ең бірінші ұрпақты сақтап қалуды көздеу керк.сонда ананың десаулығы да жақсы, тәні таза, ары биік болар еді.Әрине, түсінеміз кей жағдайда түсіктің ананың өміріне қауіп төндірген жағдайда болатынын, ал жаппай баланы алдыру қылмыс.егер бала кем, денсаулығы емге келмейтін болып туар жағдайда ған түсікке ұлықсат беру керек.Енді біздің қоғамдағы түсікке неге барады деген сұраққа келсек ол әрине жағдайы жоқтық.Егер үкіметіміз жас анаға қамқорлық жасап, оларға оуына, еңбек етуіне жағдай жасаса түсік жасау кем дегенде 50 пайызға кеміп, қазақ саны өсу демографиясы жақсарар еді.Түсік студенттер қатарында көп.Студенттер соңғы курстарда үйленуді көбейтетіні рас,ал баласын туғандарға тіптен жағдай қарастырылмаған. егер студент бала туса, тіптен жақсы оқып, туғандары көмектесіп жатса да оларға жағдай жоқ.бірінші балаға 51 мың теңге бір рет көмек, ай сайын 9 мың теңге баланың несіне жетеді? Бұл көтерілген мәселені ел болып, Үкімет болып қолға шұғыл алу керек.Және дағы жастар арасында сексті үйреткенше моральді насихаттау да айтар әңгіме.

  3. Халықтың санын көбейту үшін аборты санамау керек асырап бағу шамасымен, Әрбір жануяның бала көтеру денсаулығының қанашлықты түзету керектігіне мән беру керек. Ал аборт жасаушы әйелден кандай ана шығар еді, оған тыйм салынсада бәрібірде түсік жасаушылар көп болат. Қазақты көбейтудің басты саясаты ұлтшыл болу яғни жеке қазақтарға қане жағдай жасау. Ал басқалары «неге? қазақтарға қане десе», жауап қысқа болу керек, «кезінде кеңес өкметімен орыс патшалығының кесірінен қырылған қазақтын орнын толтыру үшін» деп жауап қайтару керек, ал егер қарсы болса «не? сендер сонда қазақтарға жаусындарма көбеймесін дейсиндерме?» деп айыптау керек

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз