"Форбс" журналы Путинді әлемдегі ең ықпалды адам деп таныды

putin_2910Forbes журналы әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізімін жасап шығарды. Америкалық журналдың тізімін Ресей президенті Владимир Путин бастап тұр. Үшінші орында Қытай президенті Си Цзиньпин тұр. Одан кейінгі ықпалды адамдар тізімінде Рим Папасы Франциск, Германия канцлері Ангела Меркель аталған. Папа Франциск осы тізімге алғаш рет енді.Бұл тізімге мемлекет басшылары, қаржыгерлер мен қайырымдылық істермен айналысушылар және бизнесмендер кіреді. Путин Forbes тізімінде былтыр бірінші болған АҚШ президенті Барак Обаманы ысырған. Кремль бұған қатысты түсінік беруден бас тартты. Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи тізімде 23-орында, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев - 53-орында тұр. Басылымның хабарлауынша, ең ықпалды адамдар рейтингі жүздеген кандидаттан іріктеліп жасалған.

Тізімге кірген 72 адам - әлем халқының әр жүз милиллонына бір-бірден келеді.

nur.kz