Қазақстандықтар қырғыз елінде білім алып жүр

832fb4d5e14008a7e31000ba371dc641Қазіргі таңда Қырғызстанның оқу орындарында 700-ден астам қазақстандық студент білім алуда. Ал Қазақстанның білім ордаларында 120-дан астам Қырғызстан азаматы оқиды. Бұл туралы  Қырғызстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады. Қазақстан және Қырғызстан Үкіметінің білім-ғылым саласындағы келісіміне сәйкес, жыл сайын екі елдің оқу орындарында білім алу үшін гранттар бөлініп келеді. Бұған қоса Қырғызстанның жүзге жуық курсанты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқу орындарында білім алуда.

bnews.kz