Ерімбетов ұлтшылдарға құшырлана тиісті

20
1255

Жуырда «Қазақстан» арнасынан «Алаң» хабарына саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов ұлтшыл жігіт Мақсат Ілиясұлы т.б. қатысып, ұлт мәселелсі мен ұлтшылдық қаралды.

Телекөрсетім басталғаннан сөз алған Нұрлан Ерімбетов ұлтшылдарға құшырлана тиісті. Оның тарапынан елдің тыныштығын ойламайтын,өздерін көрсетуге ғана құштар шуылдақтар дегендей уәж айтылды. Тарихтан сабақ алмайды екен ұлтшылдар. Алматыда жалғыз қазақ мектебі болғанда Ташкентте 80 пайыз өзбекше мектеп болыпты, Грузияда 90 пайыз дегендей, сонда ұлтшылдар қайда қарап отырыпты-мыс?…

Бірақ мамандығы бойынша мәдениеттанушы Нұрлан мырза қазақтың қарапайым тарихын білуі керек еді: о бастан Орта Азиядағы қалаларда отырықшы өзбек, сарт, тәжіктер болғанын, ал қазақтар  Алтын Орда дәуірі аяқталып, қазақ хандығы  жоңғар шапқыншылығынан әлсіреген соң көшпелі ғұмыр кешкенін,  коммунистер империясы орнағанда қазақтың кең-байтақ жерін иелену мақсатымен небір қитұрқы саясатпен оның қырылғаны не шетке қуылғанын; ақырында қалаға да шектеу қойып, мектеп түгілі қала қызығын да көрсетпей,  тұрақты тіркеудің шектелгенін… Осының бәрін Ерімбетов білмейді дей алмаймыз. Біледі!

Әу бастан ортаазиялық қалалардың басты тұрғыны әлгі аталған халықтар екенін несіне жасырамыз; ал қазақтарды зорлап қоныстандыру мен колхоздастыру – олардың барлық менталитетін жойу мен шаруасын күйзелтіп, басқа халықтарға басыбайлы бағынышты психологияға түсіргенін мәдениеттанушы мырза білмесе білуі керек еді.             Алматыда да, облыс орталықтарында да Қазақ зиялысы бір мектеппен шектелгісі келмегені өз алдына мәселе. Ерімбетовтың алдында ақталмай-ақ қояйық.

Өткен ғасырдың 60-жылдары Ташкентте жер сілкініс болғанын пайдаланып, оған қалың орысты қаптатқаны бар, олар жаңа үй тұрғызуды сылтауратып, сонда қалып қойуы керек еді. Бірақ өзбектің ұлтшылдары бір түнде бірнеше орысты бауыздап кеткен… Ал, бұларды кім дейміз? Қазақтар сондай бір қылық танытты ма? Тіпті, бір ұлтшыл «басқаларды қуу керек!» деген ұран тастады ма? Бар болғаны «бізді ұлт ретінде мойындаңдар» деген әңгімеден басқа не бар?! Мәселе – Нұрланның бұларды білмеуінде емес, қасақана білмеусуінде. Оның пиғылында басқа нәрсенің тұруында. Бұған келесі әңгіме тиек болады.

Ұлтшыл Мақсатты жазғырған әрі ақын, әрі ауған соғысының ардагері, батыр азамат  Бақытбек Смағұл Оңтүстік Қазақстан облысына барған жайды сөз етті…

Оңтүстікке барған депутаттар ішінен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Назарбаева бастаған депутаттар сайлаушылармен кездессе керек. Содан бір орыс жігіт қазақша сұрақ қойыпты, оған жауапты Дариға ханым «орысша берейін бе?» десе, анау «маған мемлекеттік тілде жауап беріңіз» депті. Содан Дариға да, орысша баяндама жазып барған басқа депутаттар да амалсыз қазақша шатып-бұтуға тура келген. Телеэкрандағы Бақытбек депутат «міне, осындай өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген ынтасы керемет емес пе?!» дегендей сүйсініс білдіреді. Ал, енді соны Дариғаға қазақ айтса, оны Нұрлан Ерімбетовтер «ұлыған ұлтшыл» дер еді. Тіпті,бұдан бірнеше жыл бұрын астанадағы Гумилев университетінде осындай тіке сұрақ қойған бір қызылордалық қазақ студенттің оқудан қуылғаны да бар… Ал егер де әлгі шымкенттік жігіт «менің тілімде жауап беріңіз» десе ше? Онда басқа қазақты көзге ілместен төрайымнан бастап бәрі сол тілде сайрайтыны белгілі.

Не дейміз? Неге мемлекеттік қайраткерлер өгей тілді елге таңып, азаматтардың басын қатыруда? Мәселе болашақта билікті алуға тиіс жас ұрпақтың кәзіргі билік пен байлықты бауырына басқандардың балаларының өгейтілді екендігінде! Олар қазақтан Қазақ елін қызғанып, қазақтілділерді қайткенде азайтуға бастары қатып, ақыры шетелдік қазақтарға азаматтық бермеуге түрлі қитұрқылар қарастыруда. Тіпті, даму жолына толық түспеген Қазақстанға ЭКСПО-2017 қалайша беріле салды: миллиондаған адамдарды келтірумен тағы да қазақтың саны азайту қарастырылып отырмасын! Соңғы заңжоба да соның нәтижесі. Әйтпесе, Қазақстандағы қазақ еместердің қазақта ешбір ақысы қалған жоқ, ақысы қалғандар –  қазақтың атынан елді өңгергендер. Олар үшін ұлтшылдар ең қатерлі топ. Қазақтың кәзіргі құлдығын бүгінгі бишікештерден тартып алып, ҚАЗАҚҚА бостан таң атқызатын тек – солар. Сондықтан қазақ ұлтшылдарын отырса – опақ, тұрса – сопақ ету әлгі дүбәрә топтың басты аңсары, солардың сценарийі. Өйткені, «солар» кәзіргі қазақтың көріп отырған ақуалын бастан кешкісі жоқ, себебі, олар бұл ақуалды өте жақсы біледі.

Abai.kz

 

20 ПІКІРЛЕР

  1. Anonymous
    30 қазан, 2013
    11:01 pm

    /Еримбетовке карсы шыккандар – малдар/
    Адамды адам малға теңемейді. Адам мал болмайды, мал адам болмайды бұл өмірде, басқа өмірде солай болуы мүмкін. Осыған ақылың жетпесе санаңның деңгейінің төмендігі болар. Құр бәдіктік не береді?

  2. Жалпы осы саясатқа кіріп, құйтырқы қулығымен жоғары шығып алған Нұрлан Ермбетов сияқтылардан қазаққа жақсылық келетініне сенім жоқ,теле хабарлардан түсінген түйсігім соны аңғартады.Соған қоса тағы айтарым, қазақ мәдениетіне үн қосқан боп,талай өз қандастарымыз осылардың шаш-бауын көтеріп,»Жұлдызы» жана алмай не үшін, кім үшін алпарысп жүргендерін өздері де әлі түсінбейтін секілді.»Балық басынан шіриді» қалайда, артқылар алдынғыға ерері сөзсіз, ӨКІНІШТІ!

  3. Тілің – үнің,

    Тілің – үнің,
    Дінің – сенің діңгегің.
    Неге керек, өзге тілді білгенің!
    Будандыққа, бодандыққа бой ұрма,
    Ана тілің, ең қымбаты мүлдеңнің.
    Басқа үнмен, басқа тілмен мақтанба,
    Қала салып, алтын қазып жатсаңда.
    Ешкіден қой, ешқашанда тумайды,
    Бірге қамап , қараңғыға қойсаңда.
    Ұмытқанмен сыртың қалып ішіңді,
    Ойлау керек, түсіңе сай пішінді.
    Байлығыңда, барлығыда көк тиын,
    Қорғып жатсаң, өзің шыққан ұлтыңды.
    Бір домбыра, қобыз үні боздаған,
    Қай заманнан қазақ үнін сомдаған!
    Еліктегіш, еріп кеткіш болсаңда,
    Өз мүлдеңді, керек дер ем ойлаған!
    Кең құрлықтың ортасында орының,
    Өзім деген болу керек бір ұғым.
    Басқасында, сыртағыда шаруам жоқ,
    Осы менің қортындысы ойымның!

  4. Жалпы осы саясатқа кіріп, құйтырқы қулығымен жоғары шығып алған Нұрлан Ермбетов сияқтылардан қазаққа жақсылық келетініне сенім жоқ,теле хабарлардан түсінген түйсігім соны аңғартады.Соған қоса тағы айтарым, қазақ мәдениетіне үн қосқан боп,талай өз қандастарымыз осылардың шаш-бауын көтеріп,”Жұлдызы” жана алмай не үшін, кім үшін алпарысп жүргендерін өздері де әлі түсінбейтін секілді.”Балық басынан шіриді” қалайда, артқылар алдынғыға ерері сөзсіз, ӨКІНІШТІ!

  5. Жалпы осы саясатқа кіріп, құйтырқы қулығымен жоғары шығып алған Нұрлан Ермбетов сияқтылардан қазаққа жақсылық келетініне сенім жоқ,теле хабарлардан түсінген түйсігім соны аңғартады.Соған қоса тағы айтарым, қазақ мәдениетіне үн қосқан боп,талай өз қандастарымыз осылардың шаш-бауын көтеріп,»Жұлдызы» жана алмай не үшін, кім үшін алпарысп жүргендерін өздері де әлі түсінбейтін секілді.»Балық басынан шіриді» қалайда, артқылар алдынғыға ерері сөзсіз, ӨКІНІШТІ!

  6. Негізінде Қазақтар өзімізденде бар. Себебі әсіресе орыс тілділер біздің, олармен қазақша сөйлейтінімзді, біздің оларға деген мұқтаждығымыз дейді екен. Ал олар осылай ойламас үшін, жалпы бүкіл мемлекетің саясатының векторын өзгерту керек. Ол халықтық емес ұлтық болуы керек. Бізге Рессейден өзіміз секілді жапашекен халықтармен қарымқатынас көбірек орнату керек. СОСЫН !!! ҰЛТШЫЛ ДЕГЕН ТЫМ КҮЛКІЛІ НӘРСЕ ОЛ БАСҚА ПЛАНЕТАҒА ҰШЫП БАРЫП АНАНЫ ҚАРА ИНОПЛАНИТЯН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ НӘРСЕ, ҚАЗАҚ ДЕП ЖҮРГЕНДЕР ҰЛТШЫЛ ЕМЕС ОЛАР МЕМЛЕКЕТ АЛ ОЛАРДЫ ӨЗ ЖЕРІМЗДЕ ҰЛТШЫЛ ДЕП АТАЙТЫНДАР БОДАНДАУШЫЛАР Нұрлан Ерімбетов секілді саясаткерлер солардың үні

  7. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Осы орыстілді қазақтар өз қандастарына кеудемсоқтанынып, кекжие қарағанды қашан қояды.Академик Рахманқұл Бердібай ағамыз «КӨЗҚАМАНДАР» деп атап кеткен ұлт үшін ең қауіпті типтер осылар! Нұрлан ағамызды өкінішке орай осы типтегі «нигилистер» қатарына енгіземіз бе?!

  8. Нұрлан бір сандырақ сөз айтты екен деп. Ұлтшылдар туралы әңгімені қозғаудын қажеті жоқ сияқты. Елді бишара десе, ол өз жайында атқаны ғой деп түсүну керек.

  9. Қазақтар, қазақтар қоғамы, қазақ елі өзінің табиғи бет бейненсін әлі толық қалпына келтіре алмай жатқан сияқты. Кеңестер кезінде қазақтардың бетке тұтар азаматтарынан айрылған соң орнына келген қазақтарымыз таза құлдық санада тәрбиеленді. Оның себебі де көп. Ақтабан-шұбырынды дегеннің өзі жан шошытады, репрессия да одан кем емес. Репрессия адам психологиясына ақтабаннан да қатты әсер етеді. Ақтабанда ең болмаса жауыңмен жағаласып, соғысып өлесің, ал репрессияда жіпсіз байлаулысың, бауыздалған қойдай мыңқ ете алмай өлесің. Қойды тұяқ серпісін деп аяғындағы байлауды шешеміз, ал репрессия адамға тұяқ серпуге де келтірмейді. Осының бәрі қазақтың басынан өтті, қанына сіңіп шошытты. Осының үстіне енді орыс империясының ұлы өтірігін қосыңыз. Орыстан басқа халықтың бәрін майдалап орыстандыру саясатын жүргізді. Бұл «есекке» де белгілі жай ғой, адам баласын айтпағанда. Көп қазақ мойынсынды, көп қазақ өтірікке сенді. Өтірікке сенгендердің ұлттық санасы өлді, мойынсынғандардың ұлттық санасы шоғы басылды. Ұлттық санасы өлгендер де, мойынсынғандар да лауазымды қызметтерде болды. Атақ, лауазым, жылы орын 70 жылда талайының санасын мансап жолына түсірді. Солардың ұрпақтары қазір өсіп-өніп жетілді. Мансабын ұлтым дегеннен жоғары қоятын жағдайға келді. Санасының өлгені сонша Қазақ деген сөзден жиренетін болды. Қазақ қазақққа қарсы келді. Бұл орыс империясының арманы.
    Намыс өлген сияқты, ар тапталып
    Сайран салды төрімізде жат халық.
    Бір қазақты бір қазақ жәукемдейді,
    Өзге ұлтқа жағамын деп, мақтанып…
    Бұл санасы өлгендер көп оқығандар, көп біледі. Марксті де, Ленинді де, т. б. шет халықтың көсемдерінен кез келген цитатаны келтіре алады. Тек жаттанды сөз бен цитаталарға санасы толған цитатниктер. Олар қазақтың бұрынғы өткен даналарынан нәр алмаған, сондықтан да қазақи ұлттық сезім оларда жоқ. Ұлылық, басынан сөз асырмай оттауда емес, мойындауда, тоқтауда. Ерімбетов тоқтамайтын сияқты, қазақта сөз тіркесі бар, «қара тышқақ та жеңе алмайды» деген. Бұл соның өзі сияқты. Сөзден жеңу үшін кеңес кезін алға тарту санасының нөл екенін көрсетеді, не болмаса бәдіктікті көрсетеді, тек жеңу керек деген. Бұл далбаса ғой. Қазақ ұлтына қарсы келген қазақтар сатқындар. Орыс империясына осындайлар керек, бір рет қолданатын құрал ретінде керек оларға. Бәрібір империя үшін «… чурка» болып қалатынын неге түсінбейді екен осындайлар?
    Егемен ел болып алған соң ұлттық санасы өлмеген, өшпеген қазақтар еліміздің ұлттық бейнесін қалпына келтіреміз дейді. Сонда бұл қате ме? Неге біз қазақтың Қазақ деген елі бар екенін, жері бар екенін, қазақ тілі бар екенін басқаларға көрсете алмауымыз керек? Біреудің құлымыз ба бұғып отыра беретін? Қазақ жері тек қазақ үшін деп ұрандап жатқан жоқпыз ғой. Қазақ елі, Қазақ жері, Қазақ тілі, Қазақ туы көкте тұру керек демейміз. Бұл жаман қасиет пе?

  10. қазақ билігіндегілер әлі сол құлдық санадан арыла алмаған бишара күйде жүр. басқа жұрттың билігі өз ұлтын қорғайды әзербайжандардан үлгі алсын.

  11. Мен Мақсаттың ойларымен толыық келісемін. Нұрлан Ерімбетовтың ұлттық ойларға карсы пікірлерімен келіспегенмен,бірақ Алматыдағы жалғыз қазақ мектебі болғаны туралы, сол кездегі басшылықтың,атап айтқанда менің нағашым Қонаевтыың бейтірлігі мен бейшаралығы туралы ойларымен 100 пайыз келісемін. бұл туралы билік өкілі Ерімбетовтың айтқаны мені қуантады. Қазыбек Иса

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз