Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы "Мега" орталығын аралады

 5ec4413445411964503daadd69d30aa6 (1)Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «MEGA Alma-Ata-2» СОО-да болды.
 Елбасы осы жұма, 1 қарашада ашылатын MEGA Alma-Ata-2 сауда-ойын-сауық орталығында болды. Президент ғимараттың ішін аралап, тауарлар мен киімдердің кең ауқымына оң бағасын берді. «Қазір салынып жатқан сауда орталықтарының аумағы үлкен, соның арқасында ол заманауи және еуропалық стандарттарға жауап беріп отыр. Енді қыздарымызға киіну үшін шетелге шығудың қажеті жоқ. Барлық бутиктер, дүкендер осында және барлықтарыңызды осымен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы. Кезекті MEGA Alma-Ata ғимаратының ауданы 78 852 шаршы метрге тең. Ашылғаннан кейін оның жалпы ауданы 164 482 шаршы метрді құрайтын болады. Жобаның арқасында Алматыда қосымша 1440 жұмыс орны ашылмақшы. Қазіргі уақытта MEGA 1-де 1600 адам нанын тауып отыр. Бәрін қоса алғанда, жаңартылған Сауда жүйесі 3000-нан астам қазақстандықты жұмыспен қамтыған. MEGA 2-ге құйылған инвестиция көлемі 21 млрд теңгені құрады, ал жалпы жобаға тартылған инвестиция көлемі 32 млрд теңгеге жуық. 2013 жылы MEGA Alma-Ata мемлекет бюджетіне 400 млн теңгеге жуық салық төлемдерін құйыпты. 2014 жылы ол көрсеткіш 1 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін, оның ішінде 543 млн теңгесі – MEGA 2-ден құйылмақшы.

bnews.kz