Грузиядағы президент сайлауында Маргвелашвили көш бастап келеді

0
715

957982«Грузин арманының» кандидаты Георгий Маргвелашвили Грузиядағы президент сайлауында 83 мың 888 дауыс (немесе 63,82 пайыз) жинады.

Мұндай мәліметтерді Грузияның орталық сайлау орталығы 440 сайлау учаскесінің бюллетеньдерін қарағаннан кейін келтіріп отыр.

 «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» атынан ұсынылған үміткер Давид Бакрадзе 27 мың 965 ( 21,28 пайыз) дауыс жинаған. Үшінші орында парламенттің бұрынғы спикері Нино Бурджанадзе, қазір оған тиесілі дауыс саны – 12 мың 505 (9,51 пайыз), деп хабарлады «Новости-Грузия».

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша дауыс беруге 1 млн. 648 мың 662 адам қатысқан. Грузияда сайлау алдында 3 млн. 537 мың 719 дауыс беруші тіркелген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз