Әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм жол апатына түсті

20131027134633Англия футбол құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм 14 жастағы баласы Бруклинмен бірге Лос-Анджелестегі үйіне жақын жерде жол апатына түсті деп хабарлайды, британдық БАҚ көздеріне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС.

Үйінен шығып бара жатқан спортшы қарсы жолда келе жатқан көлікке соқтығысады. Көліктің рөлінде әйел адам отырған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, тек көліктері ғана зақымданған.