Н.Назарбаев: Кедендік одақ аясындағы келісімдердің салдарынан ДСҰ-ға қосылу қиындап тұр

09cb217cac3297d74779ad3d8ac07227Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кедендік одақ аясындағы келісімдердің салдарынан ДСҰ-ға қосылуда қиындықтар туындап отырғанын сөз етті, деп хабарлайды БЕЛТА. «Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы – өте күрделі мәселе, - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңес отырысында. – Біз толығымен Ресейдің ықпалында болдық, бізге ДСҰ-ға қосылуда қолдау көрсетілетіні айтылған. Бали конференциясы биыл желтоқсанда өтеді. Қазақстан сол жерде қосыла алар еді, бірақ біз қосыла алмаймыз, себебі Ресейдің қорғаныс деңгейіне қолдау білдірілді. Бұл, әрине, көп жағдайда Қазақстан мен Ресейдің арасындағы мәселе шығар, алайда оның Беларусқа да қатысы бар». Осыған байланысты Қазақстан Президенті ресейлік-қазақстандық делегацияға бірлесіп «бізді онда (ДСҰ-ға – БЕЛТА ескертпесі) жібермей отырған» Еуропалық одақ пен АҚШ арасында келіссөздер өзкізу қажет екенін алға тартты. «Олар: Кеден одағына қосылмай тұрғанға дейін қорғаған талаптар бойынша кіріңдер, - деп отыр. Ондай жағдайда Қазақстан мен Кеден одағы арасында қиындықтар туындайды», - деп қосты Қазақстан Президенті. Естеріңізге сала кетейік, Минскіде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр.