Мұнай және газ вице-министрі тағайындалды

0
1072

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Мұнай және газ министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада туған. 1999 жылы «Тұран» университетін, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2002-2004 жылдары Куала-Лумпур, Хьюстон қалаларында 2 жылдық тәжірибеден өткен.

2000-2001 жылдары Ақмола облыстық орман жөніндегі басқармасының қаржылық және экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы, 2001-2006 жылдары – «МІ Drilling Fluids International» АҚ Ақтаудағы филиалында менеджер, техникалық сатылымдар жөніндегі өкіл, өндіріс жөніндегі менеджер, 2007-2010 жылдары «Теңізсервис» ЖШС бас директоры, 2010-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі, 2012-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз