«Ақ жол» партиясының пәрменді әрекеті Еліміздің ірі банкіндегі былықтардың бетін ашты

4
1231

«Тұрғынүйқұрылысжинақ­банкі» АҚ-ның төрайымы қызметінен кетті. Басты мәселе – төрайымның лаузымынан кетуінде емес, әлеуметтік банк болып есептелетін мекеменің өз құзыретін асыра пайдаланып, он жыл бойы заңды белінен басып, қылмыстық әрекеттерге жол бергендігінде.
Мен осыдан 7 жыл бұрын банктің бағдарламасы бойынша 24 500 теңге жалақы алатын мемлекеттік қызметкердің шамасы жетпейтіндіктен кезекке ілінбей, араға 3 жыл салып банкке қайта барғанымда, енді «еңбек ақыңыз айына кемінде 200 мың теңге болуы керек» дегенде, бұл мекеменің ешқандай қарапайым азаматтың мүддесін ойламайтындығына көзім жетіп, қынжылған едім…
Таяу күндері үкіметтің кеңей­тілген жиынында Елбасы: «Бұл банк арқылы қолжетімді баспанаға ілігу үшін айлығыңыз кемінде 150 мың теңге болуы керек екен, мұны қай мұғалім немесе медбике ала алады?» – деген әрі орынды, әрі қисынды сауал тастап, банктің жұмысын қатты сынға алды.
Ол ол ма, мемлекеттің ықпалымен өте төмен пайызбен алынған қыруар қаржының әрбір тиынына дейін есептеп, тиімді пайдаланудың орнына бұл банк әрбір іс-жүргізу қағазы үшін 5-10 мың теңге (кейде 15 мың теңге) қызмет көрсету үстемелерін аяусыз қосқан банктен не үміт, не қайыр күтуге болады? Тіпті, банктің іші мен маңайында 5-10 мың АҚШ долларын берсеңіз, мәселеңіз жылдам шешімін тауып, пәтерлі болатын жағдайлар да кезіккен көрінеді.
Сөйтіп, қолжетімді баспананы – қолжетімсіз етуге бар күш-жігерін аянбай жұмсаған банк басшылығы он жыл бойы қалың қазақтың ауызын айға қаратып, харам пиғыл, лас ниетпен біраз байып алды. Бұл сөзімізге осы уақытқа дейін банктің мемлекеттен бөлінетін қаржының тек 7-8 пайызын ғана игергендігі мен миллиардтардың құмға сіңген судай болып кеткендігі дәлел болса керек.
Әдетте, 100 пайыз мемлекеттен қаржыландырылса да, «Бұл – банктің коммерциялық құпиясы» деп, ешқандай ақпарат бермейтін банктің басшылығы өздеріне адамның басы айналатын сомада мол сыйақылар тағайындап, бас-басына (отбасы мүшелері мен жақын туыстарына дейін) Алматы қаласындағы «Айгерім-1» ықшам ауданынан алғашқы мемлекеттік бағдарлама борйынша 20-дан астам пәтерлерді иемденіпті.
Ал, кезінде Елбасының Жол­дауында бұрынғы Ұлттық банк төрағасының ықпалымен Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі қызметінің тамаша нәтижелері туралы жалған мәліметтер айтылып кеткен еді. Қазір жағдай өзге­ріп, ақиқат ақпараттардың жария болуы – әлеуметтік Тұрғынүй­құрылысжинақ­банкінің жалған ақпар­ларының күлін көкке ұшы­рып, сансыз былықтардың бетін ашты.
«Асқанға – тосқан» жасаған тағы да еліміздегі ең демократияшыл, ең халықшыл «Ақ жол» партиясының төрағасы, партияның Мәжілістегі фракция­сының басшысы Азат Перуашев пен оның әріптес депутаттары.
Аймақтардағы Қоғамдық қабылдауларға арызданып келген Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің салымшыларының өкпе-назын ескеріп, «Ақ жол» партиясы фракцияның депутаттары банктің қызметіне тартыстар пен арандатушылықтардан жасқанбай, ұзақ мерзімдік терең зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Еселі еңбектің нәтижесінде, осынау өзекті мәселе Елбасының назарына ілікті. Банк басшы­лығының он жылдық жұмысы бір-ақ күнде құрдымға кеткендей болып, мемлекет басшысы мәселені түбегейлі шешуді тапсырды. Ендігі жерде былығы көп банктің қаржылық зерттеулерінің соңы қылмыстық істерге жалғасса, бұған таң қалуға болмайды.
Бұл – басқа да мемлекеттік мекемелердің басшыларына да сабақ болуы керек. Өйткені, қоғамда әркім өз жауапкершілігін адал атқаруға тиіс. Кім-кімнің де «судың да сұрауы бар» екендігін жадынан шығармағаны абзал.

   Мақсат ЖАҚАУ,                                                                                                                                                                                                                                                 саясаттанушы
 саясаттанушы

 

4 ПІКІРЛЕР

  1. Бүгінгі күнде жемқорлықты жою мүмкін емес болып тұр.Жоғарыда отырған басшылар жемқорлықты жоямыз деп көзбояушылық жасап отыр. Қазіргі кезде 1 орында ақша/2 орынды таныс -тамырлар алып тұр. сонда ақшасы, танысы жоқтар не істеу керек а?қарапайым мысал: ауруханаға барсаң өліп жатсаңда қарамайды,ең 1 таныс тауып ақшасын берсен жаның қалады.жол полициясына кезіксең оғанда ақша беру керек- бәрі дұрыс болса да жарықтықтар жібермейді-ау жібермейді. ал енді банкке барсаң сағаттап тұратын очеред. жоғарғы оқу орындарында да ақша, қашан оқуыңды аяқтағанша ақша берсең келесі семестрге отесің бермесен қаласың деп қорқытқаннан басқа түк білмейді, жұмыс іздесеңде білімге қарау деген жоқ.1ші түріңе киіміңе қарап алмайды ал танысың 1 званок жасап қазір адамым барады сосын ақшасын береді десе болды 5 минутта жұмысқа тұрасың – қайда болсада . ай қазақтар-ай не деген өмір десеңші.қысқаша айтқанда ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да қалтаңда!!!!!!!!! ақшаң болмаса/таныс көкең болмас өле бер қазақ.

  2. Ақ жол жарап тұр. Талай жыл табалдырық тоздырғандардың түйінді мәселелері аз болса да тарқатылар. Енді Ақ жол қазақстандағы байланыс саласын бір тексеріп берсе. Біздегі ұялы байланыс төлемақысы шет ел тұрмақ мына ТМД елдері арасындағы ең қымбат. Мына қырғыз көршіміздің өзінде су тегін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз