«Нұр Отан» басты патриоттық күшке айналуға тиіс»

7
1512

«Нұр Отан» партиясының  кезектен тыс XV съезі

Съезд жұмысына партияның барлық өңірлік филиалынан ұсынылған 1200 делегат, сондай-ақ шақырылған мыңнан астам қонақ қатысты, олардың арасында үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының, дипломатиялық корпустың өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтер басшылары бар.

Съезд делегаттары «Нұр Отан» партиясының құндылықтар бағдарын белгілеуге, партияның алдағы ондаған жылдардағы миссиясын айқындауға арналған жаңа саяси Доктринасын қабылдады. Съезде партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның атауы мен эмблемасына, Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселелері, сондай-ақ бақылау-тексеру органдарының бірқатар жайттары қаралды.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы бұл форум Қазақстанның жаңа тарихының бетбұрысты кезеңінде өтіп отырғанын айтты.

– Қоғамымыз «Қазақстан – 2050» Стратегиясында айтылған жаңа ұлы мақсаттарға батыл қадам басты. Қазақстан мерейінің XXI ғасырдың ортасындағы тарихи асқақтауы қысқа да нұсқа түрде нақты көрініс тапқан. Стратегияның өзегі – біздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға тиіс екеніміз. Біздің мақсаттарымыздың керемет екені  айқын көрінген. Халқымыз қазір қол жеткізген осындай экономикалық және әлеуметтік биіктерге өткен тарихында ешқашан жеткен жоқ. Бұны тек қазақстандықтардың бүгінгі буыны ғана жүзеге асыра алды. Тәуелсіздікті жариялап, Қазақстанымызды дамытып, біз даму перифериясынан біржола алыстап, Еуразиядағы лайықты жаңа мемлекетке айналдық. Енді бүкіл әлемдік қоғамдастықпен біз әрдайым бір иықтаса жүруге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті партияның XXI ғасырдағы көшбасшылығы қандай болуы керектігі жөніндегі көзқарасын білдірді.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» басты патриоттық күшке айналуға тиіс екенін айтты. Партияның маңызды миссиясы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында атап көрсетілгендей, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың жалпыұлттық орталығына айналу. Бұған қоса, партия жалпыұлттық бірліктің орталық буыны болуы қажет. Бұл тұрғыда «Нұр Отанның» халықты топтастырушы партия ретіндегі мәртебесін ескере отырып, оған көпэтносты халқымыздың бірлігі үшін зор жауапкершілік жүктеледі. Ол өңіраралық байланысты нығайту ісін де атқаруға тиіс.

Тағы бір негізгі міндет ретінде Қазақстан Президенті партияның азаматтық қоғамдағы көшбасшылығының маңыздылығын атады. Осы орайда, ол Азаматтық Альянспен бірлескен жұмысты дамытып, адамдардың нақты проблемаларын шешетін патриоттық бағыттағы барлық үкіметтік емес ұйымдар мүддесінің қорғаушысы болғаны жөн.

Партияның көшбасшылығының тағы бір қыры – «Нұр Отанның» экономикалық және әлеуметтік инновациялардың жалпыұлттық қайнар-көзіне айналу.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы міндеттерін іске асыру үшін парламенттік және қоғамдық бақылау мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажеттігіне тоқталды.

Қазақстан Президенті әлеуметтік жаңғыртудың маңызды бағыты жастар саясаты екеніне байланысты XXI ғасырда көшбасшылықтың тізгіні тек жастар белсене қолдайтын партияда ғана болатынын айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Стратегия-2050-ді жүзеге асыру арқылы партияның басты ұраны бұдан да нақтырақ мәнге ие болатынын атап өтті.

– Алға – жаңа инновациялық-индустриялық экономикаға, біртұтас әрі ұйысқан ұлт ретіндегі қазақстандықтардың жаңа сапалы өміріне, ХХІ ғасырдың қарқынды әрі жауапты мемлекеті ретіндегі Қазақстаның халықаралық беделінің жаңа шыңдарына! Бұл – біздің іс-қимылымыздың жиырма бірінші ғасырдың ортасына дейінгі үш тұғырлы векторы. Мемлекет пен партияның алдағы жұмысының тарихи мағынасы осында жатыр. Біздің ортақ Қазақстандық Арманымыздың терең мәні де осы, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, сьезд барысында Парламент Сенатының депутаты Н.Оразалин, «Алтын жүрек» сыйлығының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Ж.Омарбекова, Парламент Мәжілісі комитетінің төрағасы М.Әшімбаев, «Ерке-Нұр» компаниясының президенті Ф.Мерхамитқызы, Қостанай қаласы мәслихатының депутаты Т.Новикова, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің басшысы К.Төсекбаев, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылдық округының әкімі А.Қыстаубаева сөз сөйледі.

Сьезд соңында «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен және Үкімет мүшелері мен өңірлік филиалдар басшыларының қатысуымен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген Бюро отырысы өтті. Оның барысында партияны жаңғыртуға, аппарат жұмысының тиімділігін түбегейлі көтеруге байланысты нақты тапсырмалар берілді.

7 ПІКІРЛЕР

  1. Мен Тегененова Асемгуль Қанатқызы 1992 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келдім. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі 178 үйдің тұрғынымын. 3 айымнан қатты ауырып, маған дәрілерлер «Последствие перенесенной нейроинфекции. Правосторонни смешанин гемипарез. Гиперкиниетический синдром» деген диагноз қойды. ІІ топтағы мүгедекпін. Оң жақ қолым мен аяғым қозғалуға келмесе де, сол қолымен істіп, жазу жазам. Соған қарамастан 2000 жылы Күршім ауданы, Құйған ауылының орта мектебінің табалдырылған атадым. Содан денсаулығыма байланысты дұрыс жүрмеге ме, тілім дұрыс шықпағандықтан мені уйге мұғалімдер келіп оқытсын деп Өскемен қаласында дәрігерлер анықтама берді. Содан 4 сыныптан бастап Күршім ауданы, Күршім ауылының №1 Ю.А.Гагарин атыңдағы мектеп мұғалімдері уйге келіп оқытты. Бірақ уйде оқығанымен мұғалімдер уақытында келмей қалатын кездері болды. Өскемен қаласындағы дәрігерлер комиссиясына барып қаралғанда маған сабақ жоспардан көп қалыпсын деп комиссия мүшелері келісіп мені мектепте оқысын деп анықтама берді. Содан мен Күршім аудандағы №1 Ю.А.Гагарин атыңдағы орта мектепке 7 сыныптан бардым. Бірақ мені мектеп басшысы О.В.Якушева мен О.Сейтказин қарсы болды. Мен оған қарамастан бар күш жігерімді 4-5 ке оқыдым. 11 сыныпта Ұлттық Бірыңғай тестке (ҰБТ) 1 айға қалғанда мектеп басшысы Ж.Макенова сен тапсыра алмай қаласын кірмей қой деп айтқан болатын. Бірақ мен оған қарамастан, өзі күшімен кіріп тапсырдым. ҰБТ 93 балл алып, мектепте 4-5 ке оқыған бағамды ақтап шықтым. Сол кезде сынып жетекшім К.К.Кабдуалиева әкімнің грантына алуға көмек қолын созған жоқ.
    Содан Семей қаласындағы Семей көп салалы колледжінің «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойыншы күндізгі бөліміне 2 жыл білім алып, 2013жылы маусым айында үздік дипломмен бітірдім.
    Енді жұмыс іздеу барысында өзім оқыған Күршім ауданы, Күршім ауылындағы №1 Ю.А.Гагарин атыңдағы орта мектептің басшысы Ж.Макенова жұмыс барысымен барғам едім. Бірақ жұмыс бола тұра, мені жұмысқа алғысы келмеді. Өйткені сенің денсаулығын келмейді, істемей алмайсын деп айтқан.
    Аудандық әлеуметтік қорғау мекемесінің басшысы С.Такеноваға бірнеше рет жұмысқа орналастыруға көмектесулерін сұрап бардым. Онда аудандық әлеуметтік қорғау мекемесінде жұмыс көзі бола тұра, мекеменің басшысы С.Такенова алыс тапқан тиынын таксимен кетеді, жакынан ізде, біреудің орынын қалай берем деп жауап берді.
    Содан аудандық әлеуметтік қорғау мекемесі мені 2013 жылдың 1 шілдесінен 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыспен қамту орталығы «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша Күршім ауданының мемлекеттік мұрағат мекемесіне 6 ай мерзім уақытша жұмысқа жіберді. Ол уақытым біткен соң, жұмыспен қамту бөлімі арқылы қайтадан Күршім ауданының мемлекеттік мұрағат мекемесіне ақылы 3 айға қоғамдық жұмысқа жіберілді.
    Маған уақытша емес, тұрақта жұмыс керек деп Аудан әкімі А.С.Сейтовке 2013 жылы 25 қыркүйегінде жұмысқа орналасуына көмек сұрауға өтініш жаздым. Ол өтініш 2013 жылы 16 қазанында сол өтініштен жұмыс жоқ деп жауап келді. 2013 жылы 9 қазанында тағы аудан әкімі А.С.Сейтовке өтініш жаздым. Одан ешқандай көмек болмағандықтан, Аудан әкімі А.С.Сейтовтың өзінің қабылдау күні жазылдым. 2014 жылы 12 ақпан күні әкімнің қабылдау күні кірдім. Мүмкін енді Елбасымыздың Н.Назарбаевтың жолдауындағы «Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды» жүзеге асыру жолында жұмысқа орналасуға көмек болама деген үмітім бар деп Аудан әкімі А.С.Сейтовке жолықтым. Маған болады деп айтқан болатын әкімнің басшысы А.С.Сейтов. Бірақ кейін аудандық әлеуметтік қорғау мекемесінің көмекшісі Ж.Жұрағатова хабарласып, маған аудан әкімі А.С.Сейтовке арыз жазыпсын ғой деп. Біз жұмысты қайдан табамыз көмектестік ары қарай көмектесе алмайсыз деді. Ондай көмек бүкіл жерде бірдей көмек береді. Олай болса әкімнің басшысы А.С.Сейтовтың өзі жұмыс тауып берсін деді- Ж.Жұрағатова. 2014 жылы 12 наурыз күні Аудан әкіміне жұмыс барысымен қайта жолықтым. Олар маған жұмыс іздестіріп жатырмыз деді. Сосын маған Күршім ауданы музыка мектебінің басшысы С.Ахановқа жолық сонда жұмыс бар деп хабарласты. С.Ахановқа барып жолықтым ол кісі маған жарты ставка 4 сағаттық жұмыс бар деді. Маған жарты ставкы емес, толық жұмыс керек. Неге Елбасымыздың Жолдауын іске асырмайды Күршім ауданы.
    Менің үмітім енді сіздерде Елбасымыздың Н.Назарбаевтың жолдауындағы «Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды» іске асырады деген үмітім бар. Маған Күршім ауданы, Күршім ауылынан денсаулығымды ескере отырып, өзіме ыңғайлы жұмысқа орналасуларыңызды сұраймын. Ел қатары жұмыс істеуге үмітім зор.
    Сіздерден хабар кутемін.
    Тегененова Асемгуль Қанатқызы.
    ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы,
    Б.Момышұлы көшесі 178 үй.
    8(72-339)2-14-98
    8-777-795-1615

  2. «Нұр Отанға» мүше болып, сыртынан жазылып кеткен жүз мыңдаған азаматтар бар. Мәселен, мен білетін адамдардың саны шексіз.

  3. Менің қасымда Нұротанның мүшелері көп…Партиясы оларды сайлау науқаны кезінде ғана іздейді. Бірақ жарнаны уақтылы алып тұрады!

  4. САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫМЕН ҚАРАСАҢЫЗ, «НҰР-ОТАНМЕН» САЛЫСТЫРСАҢЫЗ ДА, ӨЗГЕ ПАРТИЯЛАРМЕН САЛЫСТЫРСАҢЫЗ ДА ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДЕУГЕ БОЛАДЫ. ӨЙТКЕНІ МЕН БАРЛЫҚ ПАРТИЯЛАРДЫ, ТҮРЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫ ДА ЖАҚСЫ БІЛЕМІН…

  5. Қазеке, мен өзіңізді құрметтеймін..Тек қыртып отыр демеңізші…«Асқанға – тосқан» жасаған тағы да еліміздегі ең демократияшыл, ең халықшыл «Ақ жол» партиясының төрағасы, партияның Мәжілістегі фракция­сының басшысы Азат Перуашев пен оның әріптес депутаттары….»Ақжол» «Нұротаннан» да демократияшыл, халықшыл ма?)

  6. «НҰР ОТАННЫҢ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДЕГЕН АТАУДЫ АЛЫП ТАСТАҒАНЫ ӨТЕ ДҮРЫС БОЛДЫ. ӨЙТКЕНІ «НҰР ОТАН» БҰРЫН ДА ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БОЛҒАН ЕМЕС… БҰНДАЙ ШЫНДЫҚТЫ МОЙЫНДАЙ БІЛУ – ЖАС БАУЫРЖАН БАЙБЕКТІҢ ҚОЛЫНАН КЕЛГЕНІ ҚУАНТАДЫ.

  7. Ертеде армияда жүргенде сокп-ның кезекті съездін талқылап ұрандадып жататынбыз, бірақ қанша «ура»-лағанмен 5 жылдықтан артық бағдар болмаушы еді, енді міне 2030 ды бітіріп/орындамай ақ 20,50-ге бірақ секірген Нұротандықтарды түсіне алар емеспін. Құр босқа жалаулатып, ұрандатқанша нақты экономиканы дамытудың 5-7 жылдық жоспарын жасап елді тығырықтан шығаруды неге шешпеске. «А» корпусы ұрлығын қою үшін айлығын көбейтіп, ал мәдениет саласы айлықтары орташа 30 мыңды құрап отыр, енді олар Ұлтымыздың мәдениетін сатып, ұрласа не болады? Оларда еңбек ақыларын көбейту ұшін ұрлыққа баруы керек пе? Съезден нақты ұсыныс- пікір көре алмадым, баяғы жартас сол жартас.
    Ақжол партиясының ұсыныс пікірлері неге еске алынып талқыланбады? Бірде бір делегат ең болмаса мәжілістегі дауысқа ие партиялармен бірлесіп жұмыс жасау керектігін айта алмады.қазіргі заман талабына сай партиялардың әділ бақталастығын тудырудың орнына тек Н.О.-ды биліктің партиясы ретінде халықты мойындата беруден басқа съезде айтар әңгіме болмаған сынды.Енді бүкіл газет беті, тд. айлап уралайтын болды.Көзбояушылық осы тек қазаққа тән дүние сияқты. Шынтуайтына келгенде сол НО партия өкілдерінің өзі түбегейлі өзгеріс күткені анық.
    Ме еш партияда жоқпын, бірақ Ақжолдың ұстанымын қолдаймын, тек алдағы съездеріңде НО-тарды шақырып бірлесіп ел қамын шешуді ойласу керек, одан ұтпасаңыздар ұтылмайсыздар.Илегеніміз бір малдың пұшпағы дегендей бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығармай партиялар беделі ешқашан асқақтамайтынына көзім жетіп отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз