4 жасар баланың өлі денесі өзеннен табылды

утонул-ребенокАлматы облысының Қаратал ауданына қарасты Бейшегір ауылында 2009 жылы дүниеге келген бүлдіршіннің өзен суына түсіп кетіп, қайтыс болғаны анықталды.  Баланың денесін Төтенше Жағдайлар департаментінің құтқарушылары өзеннен алып шықты. Баланың қандай жағдайда өзенге құлағанын анықтау мақсатында зерттеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы кездері жас балалар өлімі жиілеп кеткен. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін әркез қарауда ұстағандары дұрыс.

qazaquni.kz