Белгілі шоумен Нұртас Адамбаевтың үстінен Жоғарғы Сотқа шағым түсті

2
2493

2007 жылы белгілі актер әрі шоумен Нұртас Адамбаевтың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан Мақсат есімді жас жігіт зардап шеккен болатын. Жаяу жүргіншіні қағып өткен Нұртас Адамбаев содан бері, денсаулығы ауыр халге түскен жас жігітке өтемақы төлеп тұруға тиіс болатын.

Жоғарғы Сот өкілі Бектас Бекназаровтың қабылдауында болған жәбірленушінің әкесі Мұратбек Қуандықов Адамбаевтың өтемақыны төлеуден бас тартқанын айтқан. Оқиға бес жыл бұрын болса да, ұлы Мақсаттың халі әлі де мүшкіл екен.

Әртіс бұл жағдай туралы былай деді: «Менің қолымда соттың ресми шешімі бар. Бұл шешім орындалды. Жол апатынан кейін жәбірленушінің еміне қомақты қаражат төленді». Актердің қорғаушысының айтуынша Адамбаев сот шешімі шығарған сомадан екі есе көп айып төлеген. Шешеім бойынша 2 млн теңгенің орнына 4 млн теңге төлеген. Сонымен қатар туыстарына көмек беріп отырды. Алайда, Адамбаев көлігінің астына түскен Мақсаттың әкесі оның көру қабілетін жақсарту үшін тағы да көмек сұрап отыр.

qazaquni.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Е, бұл бала әлгі шала қазақ тілін дамытуышы бала емес пе. Соңғы кездері әртістердің адам қағуы жиілеп кетті, кеше ана скрипкашы кыз Серкебаева да бірнеше адамды қағып кетті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз