Әйелдер әжетханасын аңдығыш Марченко Ұлттық Банк төрағасы қызметінен босады…

8
1257

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченко орнынан босады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Григорий Марченко отбасы жағдайына байланысты қызметтен босатуға өтініш берген екен…

Елбасы Марченко туралы: «Григорий Марченко біраз жыл Қазақ елінің қаржы саласына қызмет етті, қаржылық жағынан ауыр тиген  жылдары ұтымды қаржы жүйесін ұсынды, сол үшін мен оған алғыс білдіремін»,-деді. Григорий Марченко 4 жылдық қызметінен соң отставкаға кетті. Өз еркімен…  2009 жылдың қаңтар айында тағайындалған оның жұмыс өтілі 2015 жылы аяқталуға тиіс болатын…

Марченконың аты кезінде өзі басында болған зейнетақы реформасы шатқаяқтай бастаған соң, қателесуінің ақысын нәзік жанды әйелдердің жасын ұзартумен құтылып кеткенімен шыққан еді… Сонымен бірге ол мұнысын ақталғансып, «Ұлттық банктегі әйелдер әжетханасының өлшемі ерлердікінен екі есе үлкен» деп ақталмақшы да болды… Ал шетел офшорларындағы ел ақшасын қайтару керек деген Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашевқа «Офшорда ешқандай қазақстандықтардың ақшасы жоқ» деген болатын. Артынша «Қазақ үні» газеті бастаған бірнеше басылымдарда Қазақстаннан Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрдан Қаппаров бастаған 64 адамның аты шетел офшор аралдарындағы  қаржы ордасынан жарқ ете қалып, министріміз де, Ұлттық банк төрағамыз да ұятқа қалған еді… Мұның соңы 103 ел зиялысының «министр  Нұрлан Қаппаровты орнынан алу керек» деген ҚР Президентіне жазған ашық хатына ұласты…

Бүгін журналистер сұрағына  Азат Перуашев: » Құрметтей отырғаныммен де, Ұлттық банк төрағасы ретінде Григорий Марченко өзіне тапсырылған зор сенім үдесінен шыға алды деп ойламаймын» деп жауап берді.

Енді экс төрағаның орнын Қайрат Келімбетов басады. 45 жасар Келімбетов Мәскеу Мемлекеттік университеті және АҚШ-тағы Джорджтаун университеттерінде білім алған білікті экономист. Соңғы жылдары ол экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, кейін ҚР премьер-мимнистрінің орынбасары қызметтерінде болып, Кедендік Одақ келіссөздерін жүргізумен, Еуразия экономикалық одағын құру істерімен айналысқан. Сонымен бірге Қайрат Келімбетовтың кезінде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы мен кейін «Ақ жол» партиялары құрылтайшыларының бірі болғаны есте бар…

 

 

 

www.qazaquni.kz

 

8 ПІКІРЛЕР

  1. Мен білмеймін Марченко әйтеуір қазақтың банкісідегі ақшаға көз алартқан жоқ Абілазимов сияқты ақшаны белден басып шетелге қашқан жоқ , жұмысына әділ , қырағы көз бодды .

  2. Жарайсың, Қазбек Иса бауырым, мына сасық сақал Марченконы сілкілеп, газетіңе қайта-қайта жазып жүріп, ақыры түбіне жеттің! Сол үшін қазақ халқы саған алғысын айту керек!!!

  3. сауап болды, бұл еврейге… алды-артына бір уыс топырақ, аналардың зейнетақысын ұзартқысы келген оңбаған сақалға…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз